Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Экологиялық бақылауды күшейту – маңызды мәселе

Экологиялық бақылауды күшейту – маңызды мәселе
ашық дереккөз
Экологиялық бақылауды күшейту – маңызды мәселе
Жуырда Қазақстан Республикасы жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың қатысуымен брифинг өтті. Жиында Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және орман шаруашылығын дамыту туралы баяндалды. Қоршаған ортаға ластаушы заттардың эмиссияларын қысқарту мәселесі бойынша осы жылдың 8 айында ластаушы заттар шығарындыларының нақты көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға, ал шығарындылар 14,2 пайызға төмендеген. – «АрселорМиттал Теміртау» акцио­нерлік қоғамында халықаралық сарап­шыларды тарта отырып экологиялық аудит жүргізіледі. Болат департаментінің барлық өндірістік объектілерін инспекциялау кезеңі аяқталды. Алынған деректер мен анықталған бұзушылықтардың еуропалық және Ұлттық экологиялық заңнамаға сәйкестігіне талданады. Бұдан басқа, ұлттық экологиялық стандарттарды әлемдік стандарттармен кезең-кезеңімен үйлестіру, оның ішінде экономиканың индустриялық ерекшелігін және елдің энергетикалық қажеттілігі ескерілді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нормативтеріне сәйкес кәсіпорындар үшін шекті жол берілетін шығарындылар деңгейін қайта қарау бойынша жұмыстар атқарылуда, – деді спикер. Сондай-ақ министр өңірлерде атқарылар бірқатар экологиялық іс-шаралардың жүзеге асырылу барысына тоқталды. – Атырау қаласындағы булану тоғанда­рын тазарту және Ақмола облысында поли­хло­рдифенил-қалдықтарды жою кешенін салу және Ақтау қаласындағы «Қошқар-Ата» қалдық қоймасын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы іс-шаралардың барлығын іске асыру Экологиялық кодекстің және өңірлік экологиялық проблемаларды шешу жө­нін­дегі Жол карталарының талап­тары шеңберінде жүргізіледі. Айта кету керек, қазіргі уақытта республика өңірлерінде құрылыс және ірі габаритті қалдықтарды халықтан тегін шығару бойынша жұ­мыс­тар мен қайта өңдеу бойынша инфрақұ­ры­лымдар құрылуда. Жаңа қатты тұр­мыстық қалдықтар полигондарын салу және өңірлердегі қолданыстағы поли­гондарды қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру жөніндегі жоспар бекітілді. Сондай-ақ экологиялық қызметтің кадрлық әлеуеті және материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсарту арттырылатын болады. Ұсыныстар Ұлттық экономика және Қаржы министрліктеріне енгізілді, – дейді Ерлан Нысанбаев. Орман шаруашылығын дамыту бағыты бойынша да бірнеше жобалар қолға алынған. Мәселен, орман қорына 2 миллиард көшет отырғызу жұмыстары жалғасуда. 2021 мен өткен жылдың отырғызу жоспары толығымен орындалды, шамамен 421 миллион көшет отырғызылған. Биыл 409 миллионнан астам көшет отырғызылады. «Ормандарды толықтырумен қатар Арал теңізінің құрғаған түбінде сексеуіл отырғызу жалғасуда. Сондай-ақ орман және дала өрттерін ерте анықтау және алдын алу бойынша жұмыстар күшейтілуде. Осылайша, азаматтық қорғау саласындағы 2023-2027 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралардың кешенді жоспарында орман өрттерін ерте анықтау жүйелерін орнату және 102 өрт-бақылау мұнарасын орнату көзделген. Орман қорын авиациялық және жердегі патрульдеу, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану арқылы жандандырылатын болады», деді спикер. Сонымен қатар, министр ақбөкендерді ату мәселесіне тоқталды. Министрдің сөзінше, ендігі кезекте елімізде ақбөкендерді ату басталады. Бұл жануарлардың бақылаусыз өсуін тоқтату мен жайылымдар мен дақылдарды қорғау үшін қажет екен, – Қазір ақбөкендердің саны 2 миллион 600 мыңға жуық. Бұл тарихи максимум. Бұрын жыртқыштар, аңшылар және табиғи құбылыстар малдың өсуін тежейтін еді. Биологиялық негіздемеге сәйкес ақбөкендер санын реттеудің екі түрі ұсынылды. Біріншісі – қоршау орнату. Екіншісі – түнде ату. Біз бірінші жолмен жүрдік, бірақ ауа райының қолайсыздығына және көлікті тиімді пайдалануға байланысты екінші әдісті жоспарладық, – деді министр. Брифинг соңында министр БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді. Аяулым Жаманқара
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар