Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Детектив жанрының дарабозы

Детектив жанрының дарабозы
ашық дереккөз
Детектив жанрының дарабозы
Облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы «Жамбылтану» бөлімінің ұйымдастыруымен екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, журналист, жазушы, қазақ әдебиетіне шытырман оқиғалы детектив жанрын алып келген қарымды қаламгер, Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына орай «Жамбыл өңірінен басталған жол» атты әдеби-рухани кездесу өтті. Кештің шымылдығын «Жамбылтану» бөлімінің меңгерушісі Көсемәлі Сәттібайұлы ашып, Кемел Тоқаевтың 1948-1989 жылдары облыстық «Сталиндік жол» газетінде әдеби қызметкер болып еңбек еткенін, «Жас гвардия», «Алыстағы қалындық», «Сібір жері туралы аңыз» деп аталатын үш көркем фильмге кинорецензия жазғаны туралы баяндады. Одан кейін Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Талас ауданының Құрметті азаматы Үміт Битенова сөз алып, Кемел Тоқаевтың шығармалары туралы айта келіп, өзінің Кемел Тоқаевқа арнаған өлеңін оқып берді. Ары қарай Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының ғылыми қызметкері Ербол Қамбатыров жазушы шығармаларымен балалық шағында танысқанын, «Сарғабанда болған оқиға» туындысы жайында әңгімеледі. Өз кезегінде сөз алған Жамбыл аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінің бұрынғы редакторы Сансызбай Махамбетқұлов қаламгердің романдарына тоқталса, облыстық «Знамя труда» газетінің бөлім меңгерушісі Жарылқасын Нұралиев жазушыны шытырман оқиғалардың шебері екенін айтып, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының дарабозы екенін жеткізді. Ал облыстық «Аq jol» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының директоры Хамит Есаман Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әке туралы толғаныс» деген ғұмырнамалық кітабы жайында жылы пікірін айтып, оқырмандармен өз ойын бөлісті. Ары қарай әдеби-рухани кездесуде ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын Нұржан Қадірәлі Кемел Тоқаевтың шығармалары туралы айта отырып, кемелтанушы Көсемәлі Сәттібайұлының еңбектері туралы пікір білдірді. Сондай-ақ жазушы Көсемәлі Сәттібайұлының «Қазақ әдебиеті» газеті жариялаған «Соңғы соққы» атты мақаласына да тоқталды. Ал облыстық «АR-AI» газетінің тілшісі Шапағат Әбдірұлы Көсемәлі Сәттібайұлының Кемел Тоқаев туралы «Жалғызқара» ғұмырнамалық-танымдық романы туралы пікірін айтып, нақты мысалдармен ой өрбітті. Әрі қарай Тараз гуманитарлық-техникалық колледжінің «Қазақ тілі және әдебиеті» пәнінің мұғалімі Тоғжан Айтқұлова жоғарғы оқу, мектеп бағдарламаларында неліктен Кемел Тоқаев туралы мәлімет жоқ екенін айтып, болашақта мектеп, оқу бағдарламаларына қосу керектігі жөнінде ұсыныс білдірді. Сондай-ақ Жамбыл облыстық Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың библиографтары Гүлмира Бимурзаева мен Айгерім Амангелдиева Кемел Тоқаевтың шығармаларына библиографиялық шолу жасады. Ақмарал ІЛЕБАЕВА, Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы «Жамбылтану» бөлімінің әдіскері
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар