Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Озық ойлы оқушылар олжалы оралды

Озық ойлы оқушылар олжалы оралды
ашық дереккөз
Озық ойлы оқушылар олжалы оралды
Қазақстандық оқушылар Сингапурда өткен «FIRST Global Challenge» робототехникадан ең ірі чемпионатта рекордтық нәтижеге қол жеткізді. Дарынды оқушыларымыз жарқын жеңісі арқылы ұлттық құраманың өткен жылы Женевада алған чемпиондық атағын қорғап қалды. Қазақстан құрама командасында Алматы қаласындағы физика- математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Нұрислам Тұрғынбай, Нұрсұлтан Жанзақов, Сергей Гапонов, Дәмелі Шаймерденова және Иманәлі Көксал болды. Ал ұлттық құраманың бапкерлері – Бекзат Іңкәров пен Нұрдәулет Досмағамбет. – Құраманың алдында өткен жылғы Женевадағы тарихи жеңісті қайталау мақсаты тұрды. Және олар ұпай саны бойынша әлемдік рекорд орнатып, сол мақсаттарына жете алды. Сонымен қатар команда халықаралық кооперация үшін төрешілердің марапатына ие болып, «Рlay-off» ойындары бойынша жүлделі болды. Қазақстанның робототехникасы жыл сайын халықаралық брендке айналуда, осы жылы біз 10-нан астам мемлекет өкілдерінен тәжірибе алмасу үшін шақырту алдық, – дейді «USTEM Foundation» қоғамдық қорының басшысы Асылбек Мурзахметов. Бұл жылы балаларды қаржылай «Astana hub» ұйымы мен «Kerneu» компаниялары қолдады. Одан бөлек Оқу-ағарту министрлігі, оның ішінде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұлттық кезеңдерді ұйымдастыруға өз үлестерін қосқан. Айта кетейік, «FIRST Global Challenge» – жыл сайын әртүрлі елде өткізілетін олимпиадалық стильдегі робототехника бойынша дүниежүзілік чемпионат. Жыл сайын ойын тақырыбы әлемнің өзекті проблемаларына қарай өзгеріп тұрады. «USTEM Foundation» негізін қалаушы әрі құраманың бапкері Нұрдәулет Досмағамбет CNA халықаралық арнасына тікелей эфирде эксклюзивті сұхбат беріп, еліміздің имиджін дамытуға өз үлесін қосты. А.БЕКЕНҚЫЗЫ
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар