Кенеден келетін кесел көп
Егер сіз табиғат аясында демалсаңыз, жануарларға күтім жасасаңыз кенеден сақ болғаныңыз жөн. Кенелер адамды негізінен тері тіндері ең жұмсақ жерлері – құлақтың сырт жағы, мойын, бастың шашы бар бөлігі, шынтақтың ішкі жағы, қолтық асты, іш, шап, жіліншіктің ішкі жақтары, тізе астынан шағады. Кененің шаққаны білінбейді, яғни бұл жәндік шаққан жеріне ауырсынуды басатын зат енгізеді.
Егер дене қызуыңыз көтеріліп, басыңыз ауырып, бойыңызда әлсіздік пайда болса, жүрегіңіз айнып құса берсеңіз, тамаққа тәбетіңіз тартпаса, ұйқыңыз бұзылып, бұлшықеттеріңіз ауырып, қызыл иектен қан кетіп, денеңіз ауырсынып, ішіңіз ауырса, шұғыл түрде жақын жердегі медициналық мекемеге жүгініңіз. Ауруды ерте анықтап, дәрігерге дер кезінде қаралсаңыз, емдеуге болады. Ең бастысы кенеден де келетін кесел көп екенін ұмытпаңыз!
Келесі мақала