Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Үздік студенттер үмітті ақтады

Үздік студенттер үмітті ақтады
ашық дереккөз
Үздік студенттер үмітті ақтады
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасының 4-курс студенттері республикалық инновациялық жобалар байқауында I орынды иеленді. Жас ғалымдарды облыс әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қабылдап, химия өнеркәсібінің алыбы саналатын Жамбыл облысының абыройын асқақтатқан студенттерді жеңісімен құттықтады. Жас ғалымдардың жетекшісі, «Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі және PhD докторы Маржан Сейітқызы облыс намысын қорғаған студенттердің ауылшаруашылығы қалдықтарынан және табиғи саздан мембраналық сүзгіні дайындау жөніндегі стартап-жобасы еліміздің түкпір-түкпірінен келген 90 жобаның ішінде ең үздік атанғанын жеткізді. Сондай-ақ аталған жобамен қатар, жас ғалымдарымыздың басқа да ғылыми идеяларын жүзеге асыру қажеттігін сөз етті. Облыс әкімі жас ғалымдармен кәріз тазарту құрылыстарын салу бойынша жобаларды және жоғары оқу орындары мен «Тараз химиялық паркі» АЭА ынтымақтастығының әлеуетін зерделеу бойынша бірқатар тапсырманы жүктеді. – Біздің түпкі мақсатымыз – жас ғалымдар мен кәсіпкерлерді тарта отырып, ғылыми жобаларды табысты іске асыру. Бұл химия өнеркәсібінің дамуына жаңа серпін беретіні сөзсіз, – деді Ербол Қарашөкеев. Ал аталған оқу орнының ректоры Мұхтар Байжұманов оқу ордасының қызметі мен студенттердің жетістіктерін, шетелдік компаниялармен ынтымақтастық жұмыстары туралы баян етті. Аймақ басшысы облыста жаңадан бой көтеріп жатқан кәсіпорындардың сұраныстарын ескере отырып, кадр даярлау және жаңа мамандықтар ашу қажеттігіне тоқталды. Сөз соңында жақын арада аталған жоғары оқу орнының материалдық-техникалық базасымен, зертханаларымен танысу үшін арнайы баратынын айтты. Марат ҚҰЛИБАЕВ
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар