Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ Құрығы ұзын

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ Құрығы ұзын
ашық дереккөз
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ Құрығы ұзын
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі және сыртқы талдау жасау, ұсынымдарды талқылау және олардың іске асырылу мониторингі процесіне қоғамдық кеңес мүшелерін тарту міндеттелген. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жариялылығы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлық алғышарттарын өз бетінше жою белсенділігін арттыруға ықпал ететін болады. Азаматтық қоғамның пікірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың «лакмус қағазы» болуға тиіс. Азаматтық қоғам өкілдерінің бюджет процесіне, мемлекеттік сатып алу мониторингіне, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалауға, қандай да бір саладағы, өңірдегі өткір мәселелерді айқындауға қатысуы арқылы олардың мемлекетпен өзара іс-қимыл процестерін жетілдіру қажет. Мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры есебінен іске асырылатын жобаларға тиімді қоғамдық мониторинг енгізіледі. Мемлекеттік органдардың шешімдері туралы ақпараттың жариялылығы азаматтық қоғаммен сындарлы диалогқа жәрдемдесетін болады және халықтың шенеуніктермен артық байланыс жасау қажеттілігін жоюға мүмкіндік береді. Осы мақсатта облыстық қоғамдық кеңес ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес облыс әкімдігі басқармаларының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелерін талқылауда. 4 қазанда облыстық қоғамдық кеңес төралқасының кеңейтілген отырысында облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту, құрылыс басқармалары басшыларының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы есептері тыңдалды. Облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев осы жылдың 1 қаңтары мен 31 шілдесі аралығында мекеме қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындысына сәйкес талдамалық анықтама негізінде әзірленген есебін баяндады. Жұмыс тобы 10 бағыт бойынша жүргізген ішкі талдау нәтижесінде басқарма қызметтерінде 9 бағыт бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмаған. Тәртіптік практика бағыты бойынша анықталғаны: басқарма басшысының орынбасары және басқарма басшысына қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған. Жиында қоғамдық кеңес мүшесі А.Дәулетбаева тарапынан мүгедектігі бар азаматтардың «Кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасына қатысу барысында туындаған қиындықтар (20 пайыздық алғашқы жарна, сертификат өткізу) туралы басқарма тарапынан тиісті министрлікке қандай ұсыныс берілді деген сұрағын жолдады. Бұл ретте басқарма басшысы грант тек тауар өндірушілерге ғана берілетіндігін, бүгінгі күні жобаға қатысқан 194 өтінімнің басым көпшілігі талаптарға сәйкес келмеуі себебінен грантқа бөлінген 365 миллион теңгенің 295 миллион теңгесі бюджетке қайтарылғаны, яғни жобаның тиімсіздігі дәлелденгенін жеткізді. Қоғамдық кеңес мүшелерінің дауыс беру қорытындысымен басқарма басшысының есебі «қанағаттанарлық» деп танылды. Сонымен қатар аталған басқармаға жиынның күн тәртібінде қарастырылған мәселе бойынша мекеме қызметін жетілдіру туралы қоғамдық кеңестің ұсынымдары берілетіндігі хабарланды. Ал облыс әкімдігі құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Аманбай басқармада жүргізілген ішкі талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмағанын жеткізді. Ә.Аманбай өз сөзінде әлеуметтік нысандардың құрылысын дамыту бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу барысында аудан әкімдігі жасаған жер актісі инженерлік желілері жоқ жерден берілетіні, бұл жобаның қымбаттауына әкелетінін атап өтті. Сондай-ақ 10-ға жуық жоба әзірлеуді бір ғана жобалаушы мекеме ұтып алып, 3-5 ай мерзім аралығында асығыс жасалатынына, нәтижесінде сапасыз жасалған жобалық-сметалық құжаттың салдарынан қосымша құрылыс материалдарының сметасы жасалмай, нысанның сапасыз аяқталатынына, әкімшілік айыппұл салынатынына тоқталды. Қоғамдық кеңес мүшесі Н.Жұбандықова, Р.Рахманбердиев, Б.Құлекеев, А.Дәулетбаева тарапынан басқарма басшысының орынбасарына аяқталмай қалған Шу мектебінің құрылысы, жобалық-сметалық құжатта мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған арнайы орындардың жобаланбауы, құрылыс нысанын жүргізу барысында тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы байланыстың тәуекелі, құрылысты мерзімінде аяқтау үшін, қаражатты игеру үшін мердігерлерге жасалатын қысым ішкі талдау есебінде неге көрсетілмей отырғаны туралы сұрақтар қойылғанымен мардымды жауап берілмеді. Қоғамдық кеңес төрағасы М.Әбдірайымов құрылыс басқармасының есебі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жасалуы тиіс екендігін және осы мақсатта басқармада арнайы құрылатын жұмыс тобының құрамында қоғамдық кеңес мүшелері, тәуелсіз сарапшылар болуы керектігін айтты. Қоғамдық кеңес мүшелерінің дауыс беру қорытындысымен құрылыс басқармасының есебі екінші рет қабылданбады. Тараз қаласындағы, Меркі, Сарысу, Мойынқұм аудандарындағы медициналық мекемелерге мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша қоғамдық кеңестің білім, денсаулық сақтау, жастар саясаты жөніндегі комиссиясының төрағасы Р.Рахманбердиев баяндама жасады. Мониторингтік топтың жетекшісі Р.Рахманбердиев аталған медициналық мекемелерде мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі, стратегиялық жоспарлардың орындалуы, бюджеттік бағдарламалардың орындалуы, азаматтар үшін теріс салдарларды және қоғамдық мүдделерге қысым жасалуын анықтау зерделенгені туралы ақпаратты баяндады. Мониторинг барысында топ мүшелері Н.Жұбандықова, А.Дәулетбаева, Ә.Зәуірбеков жүргізген қоғамдық қабылдауларда азаматтар аудандық емханалар, ауруханаларда КТ, МРТ, гемодиализ аппараттарының болмауы, жылыту жүйелерін жөндеу, мекемені газға қосу мәселесін шешу, дәрілік заттардың уақытылы берілмеуі, дәрігерлердің жетіспеушілігі, олардың емделушілерге қызмет көрсету сапасының төмендігі, мүмкіндігі шектеулі жандарға тиісті жағдайлардың жасалмауы, мүгедектік топ туралы комиссия анықтамасын алудағы әуре-сарсаңдар туралы арыз-шағымдарын айтты. Аталған мәселеге қатысты жүргізілген әлеуметтік сауалнамаға пікір білдірген 90 желі қолданушысының 82-сі денсаулық сақтау мекемелерінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттану деңгейлері төмен екендігін көрсеткен. Қоғамдық кеңес мүшелері облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы есебі кеңес отырысында екінші рет қаралғаны және «қанағаттанарлықсыз» деп танылғанын баса айтты. Қоғамдық мониторинг қорытындысы негізінде ҚР «Қоғамдық кеңестер» туралы Заңының 20-бабына сәйкес қоғамдық кеңес басқарма қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдар қабылдайды және тиісті мемлекеттік органдарға жібереді. Қоғамдық кеңес отырыстарында қарастырылатын басқармалардың Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлық алғышарттарын өз бетінше жою белсенділігін арттыруға ықпал етеді. Жанар ОРЫНБАЕВА, облыстық қоғамдық кеңестің хатшысы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар