Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Банктер бәсекелестігі неше пайызын төмендетуі тиіс

Банктер бәсекелестігі неше пайызын төмендетуі тиіс
ашық дереккөз
Банктер бәсекелестігі неше пайызын төмендетуі тиіс
Ұлттық қордың қаражаты «ҚазМұнайГаз» акцияларын сатып алу арқылы республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыруға жұмсалады. Ұлттық банктің жаңа басшысы Тимур Сүлейменов Ғалымжан Пірматов бастаған сарапшылық кездесулер тәжірибесін жалғастырып, кездесу ұйымдастырды. Банк басшысы жиын барысында сарапшылармен қатар, QAMS қауымдастығының сұрақтарына да жауап берді. Сарапшыларды бірінші кезекте бюджетті айналып өтетін Ұлттық қордың нысаналы трансферттерінің жаңа механизмі мәселелері толғандырды. Яғни Ұлттық қордың қаражатын пайдалана отырып, ҚМГ акцияларын нарықтық бағадан төмен бағамен сатып алу, сонымен қатар «стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды» жүзеге асыру үшін «Самұрық-Қазына» қорының облигацияларын да сатып алуға рұқсат етілген болатын. Өз кезегінде Ұлттық банк басшысы мұндай жобаларды таңдау кезінде банктік сараптамалық әдіс қолданылатынын айтты. Ол жаңа механизмге қатысты барлық сұрақтарды Ұлттық қордың иесі саналатын Үкіметке жолдауды ұсынды. Ал «салық арбитражына» қатысты Ұлттық Банктің өз ұстанымы бар. Бұл жөнінде Т.Сүлейменов: «Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарына инвестициялаудан түсетін табыстан корпоративтік салық Ұлттық банктегі депозиттер бойынша кіріске төленетіндей деңгейде болуы тиіс. ҚМГ-дегі Ұлттық Банк акцияларының үлесі 9,58 пайызды құрайды. Алайда ҚМГ халықаралық IPO өткізсе, Ұлттық Банктің үлесті сату мүмкіндігін пайдаланатыны айтылды. Тимур Сүлейменов осыған дейін тұтынушылық несиенің шекті мөлшерлемесін ақырындап төмендету қажет екенін айтқан болатын. «Бізге шекті мөлшерлемені төмендету бойынша жұмыс істеу керек, өйткені 56 пайыз – бұл өте жоғары мөлшерлеме. Қазір бізде тұтынушылық несие нарығында бәсекелестік жоғары, банктер бір-бірімен жақсы бәсекелеседі. Сонымен қатар микроқаржы ұйымдары да бар. Банктер арасындағы бәсекелестік мөлшерлемелерді төмендетуге алып келуі қажет. Жалпы алғанда, тұтынушылық несиелер бойынша мөлшерлеме ақырындап төмендеуі тиіс деп санаймын», деді. Эльмира Байназарова
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар