Қазақстанға алғаш рет Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік президенті келді
- author AR-AY
- Бүгін, 11:23
- 21

Қонақтарды Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қазақстанның Ұлттық допингке қарсы орталығының директоры Майра Бақашева және министрлік өкілдері қарсы алды.
Сапар барысында делегация спорт федерацияларының, Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдерімен, спортшылармен және студенттермен кездесіп, елордадағы бірқатар спорт нысандарын аралайды. Негізгі мақсат – Қазақстандағы допингке қарсы саясат пен серіктестік бағыттарын талқылау.
Айта кетейік, Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) — спорттағы әділдік пен тазалықты қамтамасыз ететін халықаралық ұйым. Ол Халықаралық Олимпиада комитетінің қолдауымен құрылған. Агенттіктің негізгі құжаты – Дүниежүзілік допингке қарсы кодекс. Сондай-ақ WADA зертханаларды аккредиттеп, допингке қарсы бақылау жүйесінің сапасын қадағалайды.