ЗАҢСЫЗ ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ ТОҚТАТЫЛАДЫ
Елімізде бірнеше жылдан бері пайдалы қазбалар заңсыз өндіріліп келеді. Қара жердің қойнауын кім көрінгеннің қажетіне жаратуы дағдыға айналып бара жатқаны жасырын емес. Мемлекет меншігін көпе-көрінеу талан-таражға салу – қылмыс, әрине.
Анығына келер болсақ, заңсыз қазба жұмыстарымен айналысушылар арнайы көліктерімен келіп, құм, тас, топырақты қазып алып, бұзылған жерлерді қалпына келтірмей кетеді. Бұл іс-әрекеттің өзі де табиғатқа кері әсерін тигізеді. Мәселен, бұзылған жерлерді қалпына келтірмеген жағдайда, биологиялық әртүрлілікті сақтауда, топырақ пен су ресурстарының деградациясын алдын алуда және жер ресурстарын тұрақты пайдалануда маңызды рөл атқарады.
Заңсыз қазба жұмыстарымен тек жеке азаматтар ғана емес, үлкен кәсіпорындар да айналысады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша, жер қойнауы мемлекет меншігінде. «Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс бойынша, жер қойнауын пайдалану құқығын лицензия мен келісімшарт негізінде мемлекет қана береді. Сол себепті пайдалы қазбаларды келісімшартсыз және лицензиясыз алу заңсыз саналады.
Заңсыз қазба жұмыстарының жүргізілуін тоқтату мақсатында облыстық экология департаментінің мамандары биыл 16-18 тамыз аралығында Мойынқұм ауданына барып, тексеру жұмыстарын жүргізді.
Нақтылап айтқанда, Мойынқұм ауданының прокуратурасы «Шығыс кен басқармасы» және «Shagala
Mining – Шағала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жоспардан тыс тексеріс ашу туралы ұсыныс жолдаған. «Шығыс кен басқармасы» ЖШС-ға берілген 2017 жылғы 2 қазандағы №KZ09VCZ00144177 рұқсаттың мерзімі өткен жылы аяқталған. Аудан прокуратурасының ұсынысымен «Шығыс кен басқармасы» ЖШС әсер етуге рұқсатының жоқтығына қарамастан барит кендерін өндіруді жүзеге асырған.
Сонымен қатар қыркүйек айында жүргізілген тексеріс жұмыстары бойынша, «Шығыс кен басқармасы» ЖШС-ның «Үлкенсай» кен орнында барит кенін өндіру фактісі анықталмаған. Аталған кен орнында жобаға сәйкес вахталық қалашық, қазандық та анықталмаған. Тиісінше сарқынды суларды ағызу, атмосфераға шығару жүргізілмеген.
Бірақ тексеру барысында серіктестіктің маусым айында «Үлкенсай» барит кен орнының тау-кен жұмыстарының жоспары рұқсат етілген шығарындылар нормативтерінің жобасымен зиянды заттардың ластану көзі болатын барит кенін өндіруді дайындау үшін арнайы техниканы жылжыту бойынша жұмыстар жүргізілгені анықталған. Атап айтқанда, 2 экскаватор ауыстырылған.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 328-бабының 1-тармағына сәйкес, қоршаған ортаға ластаушы заттардың теріс әсер етуіне байланысты 10 мың пайыз мөлшерінде төлемақы мөлшерінде айыпппұл салынды. Бұл 1 863 000 теңгені құрады.
Сондай-ақ облыстық экология департаментіне шілде айында Мойынқұм ауданынан ұсыныс келіп түскен.
«Shagala Mining» ЖШС қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізіп, Экологиялық реттеу және бақылау комитетінен қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша өткен жылдың тамыз айындағы №KZ96VVX00143103 қорытындысын алып, онда кәсіпорынға қауіптіліктің I санатын айқындаған болатын.
Сонымен қатар биыл департаментке «Shagala Mining» ЖШС Мойынқұм ауданындағы «Шағала» кен орнының мыс кендерін үймелі сілтілеу кәсіпорнын салуға және пайдалануға №KZ75RXX00034652 I санатты объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсат алуға өтініш түсті.
Алайда қазіргі таңда экологиялық санатқа рұқсаты болмағанына қарамастан «Shagala Mining» ЖШС аудан аумағында аталған бағытта жұмысын бастап, жалғастырған.
Осы прокурорлық ұсыныс бойынша биыл қыркүйек айында ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыс бойынша басқармасы «Shagala Mining» ЖШС-ның мыс кендерін үймелі сілтілеу кәсіпорнын салу құрылыс жұмыстарына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тексеру барысында анықталғаны мыс кендерін үймелі сілтілеу (выщелачевания) кәсіпорнының
1 және 2-корпустарына бүгінгі күнге дейін экологиялық рұқсатсыз құрылыс жұмыстары жүргізілгені анықталды.
ҚР Экологиялық кодекстің 106-бабының 5-тармақшасы бойынша, І немесе II санаттағы объектілерді тиісті экологиялық рұқсатсыз салуға және пайдалануға тыйым салынады.
Департамент Кодекстің 178-бабының 1-тармағы 3-тармақшасына сәйкес, мемлекеттік экологиялық бақылау субъектісінің Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұза отырып жүзеге асырылатын қызметін шектеу, тоқтата тұру және оған тыйым салу туралы сотқа талап қоюға құқылы.
Осыған орай «Shagala Mining» ЖШС-ның мыс кендерін үймелі сілтілеу кәсіпорнын салу құрылыс жұмыстарын қоршаған ортаға экологиялық рұқсат алғанға дейін жұмысын тоқтату жөнінде облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап жолданған болатын.
Алдағы уақытта бұндай рейдтік іс-шаралар басқа да аудандарда жүргізіледі.
Облыстық экология департаментінің баспасөз қызметі
Келесі мақала