Жазасын өтеушілер флюрографиялық тексеруден өтті
Елімізде қолданыстағы заңға сәйкес, сот үкімімен кінәлі деп танылып, темір торға тоғытылған жандарға әлеуметтік-психологиялық және медициналық көмектер тұрақты түрде көрсетілуі тиіс. Бұл ретте ҚАЖ мекемелерімен денсаулық сақтау ұйымдары бірлесе жұмыс атқаруда.
Бүгін өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 мекемесінде жазасын өтейтін 170 сотталған азамат флюрографиялық тексеруден өтті. Бұл күні мекеменің медицина, режим және жедел бөлімінің қызметкерлері әр жасақтың тексеруден өтуін қатаң бақылауға алды. Атап өтерлігі, дәл осындай тұрақты тексеру шаралары көптеген аурулардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Келесі мақала