Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тәрбиешілер тәжірибе алмасты

Тәрбиешілер тәжірибе алмасты
ашық дереккөз
Тәрбиешілер тәжірибе алмасты
Жуырда «Жамбыл-Өрлеу» кәсіби даму институты Меркі ауданында «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының ойын құзыреттілігін дамыту» атты біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды. Шара барысында оқытушысы Мадина Садибекова мектепке дейінгі ұйымдарға қатысты нормативті құжаттардағы өзгерістер мен білім берудегі трендтерге егжей-тегжейлі тоқталды. Біліктілікті арттыру курсында мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты және толыққанды дамытуда ойын әрекетін тиімді ұйымдастырудың жолдарын, педагогтың ойын құзыреттілігін дамытуды тәжірибе жүзінде меңгердік. Курс барысында тәрбиешілер өзара тәжірибе алмасып, мектепке дейінгі ұйымдарға бағытталған заманауи әдіс-тәсілдерін игерді. Мектепке дейінгі ұйым – баланың негізгі дағдыларын қалыптастырудағы іргетасы болғандықтан заттық-дамытушы ортаны дұрыс құрудың талаптарымен таныстық. Сонымен қатар тәрбие мен оқытудың міндеттерін шешуде педагогтардың ойын және IT-құзыреттіліктерін дамытуға баса назар аударылды. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған заманауи, ережелі, сюжеттік, дидактикалық, қимылды ойын түрлеріне талдау жасала отырып, педагогикалық процесті жоспарлауда баланың графомоторлық дағдыларын дамытуға көмектесетін әдістер қарастырылды. Мен үшін мектепке дейінгі ұйымдарда арнайы бағдарламаларды тиімді қолдану арқылы мультфильмдер әзірлеудің жолдары қызықты болды. Сонымен қатар бөбекжай-бақшаларында ұйымдастырылған көшпелі-тәжірибелік сабақтардың да берері мол. Әр күніміз жаңа әдістер бойынша топқа бөлінуден басталып, жоба жұмысын қорғаумен қорытындыланды. «Жамбыл-Өрлеу» кәсіби даму институтына алғысымды білдіре отырып, әріптестеріме оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда жаңа шығармашылық жетістіктер тілеймін. Нұрбала КҮЛМЫРЗАЕВА, «Таңшолпан» бөбекжай- бақшасының тәрбиешісі, Меркі ауданы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар