Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА
ашық дереккөз
БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында «Балалардың қауіпсіз демалысы» тақырыбында облыс әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов пен Жергілікті полиция қызметінің ювеналдық полиция бөлімінің инспекторы Нұркен Абдулиннің қатысуымен брифинг өтті. Талғат Жамаловтың айтуынша, былтыр Жамбыл облысы аумағында 3 бала суға кеткен. Бала өліміне жол берген және жұмысқа немқұрайды қарағаны үшін мектеп директорларына тәртіптік шаралар қолданылыпты. Балалардың қаза болуының негізгі себептері – су айдындарының жанында ата-аналардың қарауынсыз қалуы, өз күштерін асыра бағалау мен жүзе алмауы. Осыған орай өңірдегі 444 мектепте «Судағы қауіпсіздік шаралары» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру парақтары таратылып, арнайы стендтер ілініпті. Талғат Салқанұлы облыс аумағындағы су айдындарында келеңсіз оқиғалардың алдын алу мақсатында білім бөлімдерінің жауапты мамандарымен онлайн форматта оқыту семинары ұйымдастырылғанын жеткізді. Осы бағытта 25 сәуірден 25 мамырға дейін барлық білім мекемелерінде дәстүрлі түрде акция өтіп жатыр. – Сонымен қатар жазғы демалыс мезгілінде аудандар мен Тараз қаласындағы демалыс орталықтары мен бассейн егелерімен келісімшарт жасалып, 5 мыңнан астам оқушы жүзуді үйренумен қамтылатын болады. 7, 8 және 12 мамыр күндері білім мекемелерінің еріктілері төтенше жағдайлар департаментінің мамандарымен бірлесіп, Талас өзенінің жағалауында және Тараз қаласында орналасқан демалыс орындарында рейд ұйымдастырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аймақта 12 380 оқушы жүзуге үйрету шараларымен қамтылды, – деді Талғат Салқанұлы. Спикердің айтуынша, алдағы уақытта балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда олардың өмірі мен денсаулығын, судағы қауіпсіздігін қадағалау жұмыстары жалғасатын болады. Мұнан соң сөз алған Жергілікті полиция қызметінің ювеналдық полиция бөлімінің инспекторы Нұркен Абдулиннің айтуынша, облыста жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған қылмыс саны 30-дан 27-ге төмендеген. Алайда қылмыстық жауапкершілікке тартылған кәмелетке толмағандар саны 8,0 пайызға өскен. Жұмыс істемейтіндер саны былтырғы көрсеткішпен бірдей – 8 дерек. –Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың былтырғы көрсеткіші алдыңғы жылмен салыстырғанда 109-дан 51-ге түсті. Аймақта өткен жылы биіктен 17 бала құлап кетіп, 2 бала қаза тапты. Ал биылғы жылдың 4 айында терезеден 6 бала құлады. Осындай келеңсіз оқиғаларға байланысты нақты шаралар қолға алынды. Айта кетерлігі, 2021 жылы 8 бала суға батып, қаза тапқан болатын, 2022 жылы 1 бала көз жұмды. Осы секілді жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша бірлескен рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр, – деді Нұркен Ардашерұлы. Баяндамашы жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау мәселесі қатаң бақылауда екенін алға тартты. «Былтыр суицидтің 13 дерегі тіркелсе, 7-еуі өліммен аяқталды. Өз-өзіне қол жұмсағандардың 5-еуі қыз бала, 8-і ұл. Олардың 10-ы мектеп оқушылары, 3-еуі колледж білімгерлері», – деді ол.

Айжан ӨЗБЕКОВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар