Тараздық балаларға тарту
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауындағы ұлт денсаулығы туралы бастамалары, оның ішінде бұқаралық спортты дамыту бағыты жұртшылық тарапынан қызу қолдау табуда.
Осы орайда «Жамбыл облысы бойынша балалар футболын дамыту» қоғамдық қоры өңірде шағын футбол алаңдарын ашып, балалардың қараусыз қалуын болдырмай, салауатты өмір салтын қалыптастыруға жағдай жасауда.
ҚР Спорт және мәдениет министрлігі жанындағы «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» корпоративтік қорының демеушілігімен Тараз қаласындағы «Қаратау» ықшамауданының №39, №31 үйлер аумағында футбол алаңы пайдалануға берілді. Аумағы 64×44 метрді құрайтын футбол алаңы Қала күні қарсаңында жергілікті жеткіншектерге тамаша тарту болды.
Инабат Бақытқызы,
Тараз қаласы
Келесі мақала