Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

АСАДА МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНЕ АВТОКӨЛІКТЕР ТАБЫСТАЛДЫ

АСАДА МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНЕ АВТОКӨЛІКТЕР ТАБЫСТАЛДЫ
ашық дереккөз
АСАДА МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНЕ АВТОКӨЛІКТЕР ТАБЫСТАЛДЫ
Кеше облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Жамбыл ауданының Аса ауылында ветеринариялық ұйымдарға автокөліктің кілттерін табыстады. – Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында ветеринария саласын реформалау, орталық пен өңірлердің нақты міндеттерін айқындау, үрдістерді цифрландыру, мал дәрігері мамандарын дайындау, жалақыларын өсіру сынды маңызды тапсырмалар берілген болатын. Бұл тапсырмалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Ауылшаруашылығын дамыту перспективалары мен оның экспорттық әлеуеті ветеринария саласына тікелей байланысты. Сапалы ветеринарлық қызмет көрсету болмайынша, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін сақтау мүмкін емес. Азық-түлік қауіпсіздігі – мемлекеттің және оның халқының қауіпсіздігі. Ветеринарлық қызметтің негізгі міндеті – тұрақты эпизоотиялық жағдайды қамтамасыз ету. Сондықтан бүгінгі беріліп отырған автокөліктер сіздердің жұмыстарыңызды жеңілдетуге өз үлесін қосады деген сенімдеміз, – деді Ербол Шырақпайұлы. Айта кету керек, ауылдық елді мекендерде ветеринариялық қызмет көрсететін мал дәрігерлерінің жұмыс жағдайын және ветеринариялық стансалардың материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында 2023 жылы облыстық бюджеттен қаражат қарастырылып, 10 «УАЗ» автокөлігі сатып алынған болатын. Сол автөкөліктерді аймақ басшысы облыстың 8 ауданына және Тараз қаласына табыс етті. Сондай-ақ аймақ басшысы бұл бағыттағы жұмыстар алдағы жылдары да жалғасын табатынын, облыстың ветеринария саласындағы өзекті мәселелері белгілі екендігін, олардың орындалуы тұрақты бақылауда болатынын жеткізді. Шапағат ӘБДІРҰЛЫ
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар