Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ШАҒЫН СПОРТ АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

ШАҒЫН СПОРТ АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ
ашық дереккөз
ШАҒЫН СПОРТ АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ
«Туған елге туыңды тік!» демекші, «Asiachem» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары Жасұлан Алпамысұлы Тамды ауылдық округіндегі Қойгелді орта мектебіне демеушілікпен оқушыларға арнап спорт алаңшасын салып берді. Таласта Жасұландай азаматтардың өскен өлке еншісіне елеулі дүниелерді тартулап келе жатқанын ыстық ықыласпен айтуға болады. Соның нақты бір дәлелі – жаңадан пайдалануға берілген спорт алаңшасы. Бұл игі шара көптеген жастың спортқа деген қызығушылығын арттырып, әлемдік деңгейдегі батырларымыздың шығуына септігін тигізеді деген үміттеміз. Спорт – денсаулық кепілі, денсаулық – адам өмірінің негізі. Халқымыз ежелден денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлыққа балаған. Бұл игі істер жалпы халықты денешынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында жасалынып отыр. Салтанатты лента қию рәсімінен кейін алаңда 3-4-сынып оқушылары арасында кіші футболдан аудандық жарыс ұйымдастырылды. Футболды жақсы көретін ауыл жастары үшін бұл тамаша сыйлық. Бұдан былай шынығамын, шыңдаламын деген ауыл жастары үшін бұл алаңшаның есігі әрдайым ашық болмақ. Осы орайда тамаша тарту жасаған азаматқа айтар алғысымыз шексіз. Мақсат Қазанғапов, Талас ауданы әкімдігі білім бөлімінің басшысы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар