Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«АЛТЫН ДОП» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

«АЛТЫН ДОП» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
ашық дереккөз
«АЛТЫН ДОП» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Осыдан бірнеше апта бұрын Шу аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жоғары сынып оқушылары арасында футболдан «Алтын доп» турнирі басталған болатын. Жарысқа аудандағы мектеп оқушыларынан құралған 22 команда қатысып, өзара үздіктерді анықтады. Тартысқа толы болған аладоп бәсекесінде С.Шәкіров, Төле би, Ш.Уәлиханов, Д.Қонаев, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, Жібек жолы, Б.Момышұлы, Жамбыл атындағы білім ошақтары мен №40 мектеп-лицейдің командалары суырылып шығып, ширек финалға жолдама алды. Ақтық бәсекеде Д.Қонаев атындағы орта мектеп пен №40 мектеп-лицейдің оқушылары кездесіп, кім мықтыны анықтады. Турнир басталғалы қарсыластарының барлығын қоғадай жапырып, мықтылығын дәлелдеген №40 мектеп-лицейдің оқушылары финалда да білгендерінен жаңылмай, жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көріне білді. Ал Д.Қонаев атындағы орта мектептің оқушылары турнирдің күміс жүлдегері атанды. Сол секілді Б.Момышұлы мектебінің оқушылары үздік үштікті түйіндеді. Сондай-ақ Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің аяқдопшылары белсене қатысқаны үшін Алғыс хатқа лайықты болды. Сонымен қатар жарыс соңында белбасарлық Жақсылық Үшкемпір «Үздік қақпашы», жаңажолдық Мейіржан Төлепберген «Үздік қорғаушы», шулық Ескендір Сейділдә «Үздік жартылай қорғаушы», қонаевтық өрен Форман Таштанов «Үздік шабуылшы» номинациясын иеленіп, бағалы сыйлықтарға қол жеткізді. Жеңімпаздарды Шу ауданы әкімі аппаратының басшысы және Әдеп жөніндегі уәкіл Нариман Абай құттықтап, орталық директоры Ғани Қойбағаровпен бірге үздіктерді марапаттады. – Сіздерді бүгінгі жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Бұдан кейін де спорттық шараларда белсенді болуға шақырамын. Себебі спорт – саулық кепілі. Биыл аудан әкімі Бақытжан Оразалыұлының басшылығымен 13 шағын футбол алаңын салу жоспарланған. Оның 9-ы пайдалануға берілген. Қалған нысандардың ел игілігіне берілетін күні жақын, – деді Нариман Жетпісбайұлы. Айта кетейік, аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдас­ты­руы­мен алғаш рет өткізілген «Алтын доп» турнирі дәстүрге айналатын болады. Ұйымдастырушылар доп додасының жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан аудандық білім бөліміне де алғыстарын білдірді. «AR-AI»-ақпарат, Шу ауданы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Батамен ел көгерер
Алдыңғы мақала
Батамен ел көгерер

Ұқсас жаңалықтар