Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ  БАСТЫ НАЗАРДА
ашық дереккөз
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА
Жылыту маусымына орай 2023 жылғы бекітілген кестеге сәйкес 2023 жылдың 15 қыркүйегі мен 15 қазаны аралығында Тараз қаласының аумағында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» өткізілуде. Осыған байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қалалық өрт сөндіру бөлімдерінің өртсөндірушілері күн сайын жеке тұрғын үй секторларында өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша білімдерін арттыру және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушылықтарды болдырмауға шақыру. Айлық аясында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері электр желілерін іске қосқанда, электр аспаптары мен газ жабдықтарын қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуына жол бермеу қажеттігін жан-жақты түсіндірді. Мамандардың айтуынша, үйіңізде өрт оқиғасы туындамас үшін өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін есте сақтау қажет. Яғни жылыту аспаптарын пайдалану кезінде оқшаулағышы зақымдалған электр сымдарын пайдалануға қатаң тыйым салынады. Электр жылыту құралдарын тұтануға бейім заттардың жанына қоюға болмайды. Сонымен қатар үйден шығарда барлық электр жылыту құрылғыларын қуат көзінен ажыратуды ұмытпаңыз. Жылыту маусымы басталғанға дейін және жылыту маусымы кезінде әр үш ай сайын түтін мұржаларын күйеден тазартуды ұмытпаңыз және жарық немесе ойықтары бар пешті пайдаланбаңыз. Жанып жатқан пештерді, электр жылыту және газ аспаптарын қараусыз қалдыру дұрыс емес. Мұнан бөлек электр желісінің шамадан тыс жүктелуіне әкелетін бірнеше қуатты электр тұтынушыларын бір уақытта электр желісіне қосуға жол бермеңіз. Барлық электр құрылғыларының жарамдылығын қадағалаңыз, егер пәтерде газдың иісі сезілсе, электр жарығын қосуға, сіріңке жағуға, темекі шегуге, ашық отты қолдануға болмайтынын да еске сақтағаныңыз жөн. Газ плитасы, камин және пештің жануы барысында немесе электр құрылғылары қосулы кезде балаларды үйде жалғыз қалдыруға болмайды. Ең маңыздысы сол, өрт немесе түтіндеу жағдайы орын алса, нақты мекенжайды көрсете отырып «101» немесе «112» нөмірлері бойынша шұғыл хабарлауды ұмытпаңыздар. Шапағат Әбдір
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар