Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Партиялардың қоғамды дамытудағы рөлі зор

Партиялардың қоғамды дамытудағы рөлі зор
ашық дереккөз
Партиялардың қоғамды дамытудағы рөлі зор
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев партиялардың өңірлік филиалдарының төрағаларымен кездесу өткізді. Облыста саяси партиялардың 7 филиалы (111,2 мың партия мүшелері) тіркелген, 40-қа жуық қалалық және аудандық филиалдары жұмыс істейді. Кездесуге «AMANAT» партиясының облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов, «Қазақстан Халық партиясының» төрағасы Жанат Бастаубаева, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» филиалының төрағасы Ержан Дәуренбеков, «Respubliсa» партиясы филиалының төрағасы Нұрсұлтан Оспанов, «Байтақ» партиясы филиалының төрағасы Серік Қойбақов, «Ауыл» партиясы филиалы төрағасының орынбасары Берікбол Мәндібаев, «Ақ жол» партиясы филиалы төрағасының орынбасары Дәурен Ахметжаев қатысты. Аймақ басшысы партиялықтарды өзекті мәселелерді шешуге атсалысуға және олардың орындалуын бақылауға шақырды. – Мемлекет басшысы өз Жолдауында аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау қолға алынатынын атап өтті. Облыстық мәслихат сессиясында сайлау пилоттық режимде Жуалы және Т.Рысқұлов аудандарында өтеді деген шешім қабылданды, – деді облыс әкімі. Кездесу барысында қатысушылар экономиканың басым салаларын дамыту бойынша өз ұсыныстарын білдірді. Облыс әкімінің баспасөз қызметі
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар