ТӨЛЕ БИ АУЫЛЫНДА ТЫҢ БАСТАМА ЖЕТЕРЛІК
Өңірлік коммуникациялар қызметінде Шу ауданы, Төле би ауылдық округінің әкімі Азамат Ошанов баспасөз мәслихатын өткізді. Азамат Серікұлы ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы жоспарлары туралы баяндады.
– Төле би ауылдық округінде 22 300 тұрғын бар. Жалпы аула саны 4 260 болса, аудан орталығы Төле би ауылы көпұлтты елді мекен болып саналады. Ал Көкжиек сияқты кейбір елді мекендерде 200-ге дейін тұрғын бар. Округті дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып, мемлекеттік бағдарламалар тиімді жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, өткен жылы 13 көпқабатты тұрғын үйдің кварталішілік өтпе жолдары мен 19 көшенің ұзындығы 27,6 шақырым автомобиль жолы жөндеуден өтті. Ал әлеуметтік сала бойынша округ аумағында жалпы 26 нысан қызмет көрсетуде . Аудан орталығында 5 орта мектеп, 5 мектептен тыс және 8 балабақша бар . О к р у г бойынша білім ошақтарында 3 840 оқушы білім алса, мектепке дейінгі мекемелерде 950 бала тәрбиеленуде. Төле би ауылында 2020 жылы 250 адамға арналған жаңа емхана пайдалануға берілсе, 2023 жылы аудандық орталық аурухананың жанынан құны 300 миллион теңге тұратын 48 мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығы іске қосылады. Сонымен қатар ауылымызда 4 мәдениет ошағы жұмыс істеп тұр. Осы орайда 5 мыңға жуық жәдігері бар аудандық мұражайымыздың да ашылғанын атап өткім келеді, – деді Азамат Серікұлы. Баяндамашының айтуынша, алақандай ғана ауылда атқарылып жатқан жұмыстардың көлемі үлкен. Инфрақұрылымды дамыт у, көгілдір отынмен қамту, жұмыссыздықты жою, ауылшаруашылығын дамыту бағытында қолға алынған жұмыстар ауқымды. – Өзіндік қосалқы шаруашылықты жүргізуге жер кезегіне 2 321 азамат тіркелген. Төле би ауылында бұл бағытта жұмыстар жүргізу үшін «Батыс» тұрғын аумағынан 147,73 гектар жер телімі бөлінген. Қазіргі таңда жаңа тұрғын үй алқабына электр желілері, су құбыры, табиғи газ тартылды. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ филиалының мәліметі бойынша, жүргізілген газ құбырының ұзындығы – 82 152 метр. Бүгінгі күнге дейін жалпы аула санының 50,1 пайызы газға қосылған. Округтетір келген 238 шаруақожалықтың 2 2 - с і малшаруашылығымен, 216- сы егін шаруашылығымен айналысады. Округ бойынша жер көлемі 18627,85 гектар болса, ауылшаруашылығы мақсатындағы жер көлемі – 11 468 гектар. Оның ішінде тәлімдік – 4 729,1, суармалы – 1 656, жайылымдық – 5 057 гектар. Жыл басынан бері көпбалалы, аз қамтылған 92 отбасыға 30 миллион 435 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек төленіп, 1-6 жас аралығындағы 457 бала кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен және гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 882 адам қамтылса, оның ішінде тұрақты жұмыс орнына – 585, ақылы қоғамдық жұмысқа 136 адам тартылды. «Жастар практикасына» 31 жас жіберілді. «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты бойынша қайтарымсыз грант алып, өз кәсібін бастау үшін 44 азаматқа 52,8 миллион теңге берілді, – деді А.Ошанов. Айта кету керек, ауылда қазір ресми тіркелген жұмыссыз азаматтардың саны – 378. Ал осы күнге дейін қысқамерзімді оқытудан 58 адам өтсе, «Бастау Бизнес» курсын 120 азамат оқып шыққан.
Шапағат ӘБДІР
Келесі мақала