Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

БАҒДАРЛЫ БАСЫМДЫҚТАРДЫҢ БЕРЕРІ МОЛ

БАҒДАРЛЫ БАСЫМДЫҚТАРДЫҢ БЕРЕРІ МОЛ
ашық дереккөз
БАҒДАРЛЫ БАСЫМДЫҚТАРДЫҢ БЕРЕРІ МОЛ
«АMANAT» партиясының облыстық филиалында өткен Тараз қалалық мәслихатындағы депутаттық фракциясының отырысында Празидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты кезекті Жолдауынан туындаған міндеттер талқыланды. Жиында халық қалаулылары маңызды құжатта атап көрсетілген міндеттердің жүзеге асырылуы зор жауапкершілік жүктейтінін тілге тиек етіп, айқындалған басым бағыттарды тақырыпқа арқау етті. Жиын модераторы, «АMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұл ов М емлек ет басшысының Жолдауында экономика саласы айрықша сөз болып, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға баса назар аударылғанын атап өтті. – Мемлекет басшысы көтерген мәселелер мен қолға алынған бастамалар қазірдің өзінде партиямыздың назары мен бақылауында тұр. Осы ретте Үкіметпен тығыз байланыста жүзеге асырылатын «Жер аманат», «Ауыл аманаты», «Қарызсыз қоғам» секілді бірегей жобаларды атап өткен жөн. Жолдау аясында қолға алынған жобалардың, атқарылған жұмыстардың елге пайдасы тиюі керек. Мәселен, «Қарызсыз қоғам» жобасы қаржылық мәселелерді шешуді, несиелерді қысқартуды, қолма-қол ақшаны басқаруды қамтитын қаржылық менеджменттің кешенді әдістерін үйретеді. Біздің облыстың өзінде оған жүзге жуық ауылдың жеті мыңнан астам тұрғыны жұмылдырылған, – деді Д.Бейсенұлов. Тараз қалалық мәслихатының төрағасы, депутат Кенжебек Олжабай Президент Жолдауында айқындалған міндеттер ел ішіндегі мәселелер мен түйткілдердің шешілу жолдарын қарастыратынын сөз етті. – Ешкім сырттан келіп, біздің орнымызға Қазақстанды көркейтпейді. Еліміздің әрбір азаматы заман көшіне ілесе білуі керек. Қоғам өзгерсе, адам да соған бейімделуі қажет. Осындай қысылтаяң уақытта халқымыз заман көшіне ілесіп, бірлік пен ынтымақты сақтауы керек. Жалпы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Жолдауында айқындалған бағыттар еліміздің дамуына негіз болатыны анық. Жолдау жүктеген міндетті жүзеге асыру ел азаматы ретінде де, депутат ретінде де бәрімізге қатысты ортақ іс, – деді К.Олжабай. Тараз қалалық мәслихатының депутаты, «Таraz 24» телеарнасының директоры Зарина Қуатова да сөз алып, өз ойын ортаға салды. – Шығармашылық индустрия, жоғары технологиялар мен ІТ-инфрақұрылымның қарқынды дамуы экономикадағы және басқа салалардағы жаңа бағытқа айналуы тиіс. Мысалы, индустриясы дамыған елдерде теледидарға бізге үйреншікті болып қалған монтажер мен дикторлардың орнын қазіргі заманғы технологиялық әдістер мен қондырғылар басып жатыр. Біздің қоғам барлық салада осыған ұмтылуы керек. «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты жаңа Жолдау IT саласына қуатты серпін беріп отыр, – дейді З.Қуатова. Жиында қалалық мәслихат депутаттары Марат Жұманқұлов, Қайсар Алдахметов, Эльмира Әбдинова да сөз сөйлеп, ел экономикасын ілгерілету мен халықтың тұрмыстіршілігін жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен тұрғындардың өтініштерінің орындалуы жайына тоқталды. Ақтоты ЖАҢАБАЙ
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар