Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«ҰЛЫ ДАЛА» ЫҚШАМАУДАНЫНДА ҚОРДАЛАНҒАН МӘСЕЛЕ КӨП

«ҰЛЫ ДАЛА» ЫҚШАМАУДАНЫНДА ҚОРДАЛАНҒАН МӘСЕЛЕ КӨП
ашық дереккөз
«ҰЛЫ ДАЛА» ЫҚШАМАУДАНЫНДА ҚОРДАЛАНҒАН МӘСЕЛЕ КӨП
Тараз қаласында жаңадан бой көтеріп жатқан «Ұлы дала» ықшамауданында халықты толғандырған мәселе көп. Үп еткен жел тұрса шатыры ұшатын, жаңбыр жауса төбесінен су сарқырай ағатын тұрғын үйлерінің сапасыз құрылысы, әлі күнге дейін бірде-бір әлеуметтік нысанның ашылмауы, көлік түгіл, жаяу жүргінші әзер жүретін жолдың жай-күйі айтыла-айтыла ақжем, жазыла-жазыла жауыр болған мәселеге айналды. Сондықтан да болса керек, облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қызметке кіріскен күннің ертесіне-ақ басынан дау арылмаған «Ұлы дала» ықшамауданына арнайы барып, құрылысы жүргізіліп жатқан білім ошақтарын, тұрғын үйлерді аралап, тұрғындармен кездесті. Ербол Шырақпайұлы алдымен ықшамауданның жобасымен, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің айтуынша, ықшамауданда 5 қабатты 150 тұрғын үй, 20 пентхаус, 5 балабақша, 4 мектеп, 2 емхана және оңалту орталығы салынады деп жоспарланған. Сонымен қатар жастар орталығы, денешынықтыру-сауықтыру кешені, халыққа қызмет көрсету орталығы, облыстық мұрағат, аудандық әкімдік, сот, прокуратура және 20 коммерциялық нысан бой көтереді. Мұнан бөлек тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында 10 гектар аумақта саябақ салынады деп күтілуде. Қазіргі таңда саябақты сумен қамту жұмыстары басталған. Күз айларында саябақ аумағына 5 мың ағаш егіліп, келесі жылы абаттандыру жұмыстары аяқталады. 2025 жылы саябақтың құрылысы толықтай аяқталып, пайдалануға беріледі. Ықшамауданның жобасымен танысып шыққан Ербол Шырақпайұлы жолдың жағдайына, тұрғын үйлерді жылумен қамту мәселесіне назар аударды. – 2015 жылы ықшамауданның құрылысы жоспарланғанда бар-жоғы 60 көпқабатты тұрғын үй соғылады деп жоспарланған. Алайда қазіргі таңда 150 тұрғын үй салынды. Сондықтан да жылу жүйелерін кеңейту мәселесі туындады. Тұрғындарды толғандырған мәселе бойынша жоба жасалды. Жоба екі кезеңді қамтиды. Жалпы 5 мың шақырым жылу жүйесін кеңейту керек. Өткен жылы жобаның бірінші кезеңі аясында 1 500 шақырым жылу жүйесі кеңейтілді. Биылға 3 500 шақырым жылу жүйесін кеңейту жоспарланған. Алайда өткен жылы республикалық бюджеттен қолдау таппай, келесі жылға жоспарланды. Яғни келесі жылы жылу жүйелерін кеңейту жұмыстары толық аяқталады, – деді аймақ басшысының сауалдарына жауап берген Бақытжан Әмірбекұлы. Мұнан кейін Е.Қарашөкеев құрылысы басталған 4 мектепке арнайы барды. Аймақ басшысы қала әкіміне, мердігерлерге құрылыс жұмыстарын сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды. – «Ұлы дала» ықшамауданындағы тұрғындардың саны күн санап көбейіп келеді. Сол себепті халықтың барлық қажеттілігін өтеу мақсатында кешенді жұмыстар атқаруымыз керек. Бүлдіршіндерді балабақшамен, оқушыларды мектеппен қамту – ең өзекті мәселе. Оқушылар облыс орталығындағы басқа мектептерге сабылып жүрмеуі қажет. Д е г е н м е н а с ы ғ ы с т ы қ қ а салынып, сапасына немқұрайды қарауға болмайды. Қандай жағдай болмасын құрылыс жұмыстары уақытында әрі сапалы аяқталуы керек, – деді облыс әкімі. Ал қала әкімінің сөзіне сүйенсек, қазіргі таңда ықшамауданда 4 мектептің құрылысы басталған. Екі білім ошағы «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынуда. М е р д і г е р к о м п а н и я л а р д ы ң өкілдерінің айтуынша, білім ошақтарының құрылысы кестеге сәйкес жүргізілуде. Қолбайлау болып тұрған ешқандай мәселе жоқ. Сондай-ақ аймақ басшысы бірқатар тұрғын үйді аралап, тұрғындармен кездесіп, пікірлеріне құлақ түрді. Тұрғындар ойын алаңдарының жоқтығын, егер болса тозығы жеткенін, аулалардағы жолдың тарлығын, жылу жүйесіндегі ақауларды айтып, базынасын жеткізді. Тұрғындардың ұсыныспікірлерін мұқият тыңдаған Ербол Қарашөкеев қала әкіміне нақты тапсырмалар берді. – Көзбен көргеніміздей, балалар ойын алаңшаларының әбден тозығы жеткен. Халықтың сыны өте орынды. Тұрғын үй соғып берумен мәселе шешілмейді. Айналасын абаттандырып, заман талабына сай балалар ойын алаңшалары, басқа да халықтың қажеттілігімен толықтай қамтамасыз етуіміз керек. Әрине, әр үйдің алдына бір-бір футбол алаңшасын соға алмайтын шығармыз. Бірақ ықшамауданда кемі 5-6 футбол алаңшасын салып, балаларымыздың спортпен айналысуына жағдай жасау – басты міндетіміз. Одан кейін байқағанымдай, бірде-бір тұрғын үй пәтер иелері к о о п е р ат и в і н е м ү ш е е м е с . Демек, әкімдік тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілмеген. Халыққа ұдайы түсіндіру жұмыстары жүргізілуі қажет. Егер әрбір пәтер кооперативке мүше болса, бірқатар мәселе өздігінен шешімін табатын еді, – деді Е.Қарашөкеев. Келесі кезекте аймақ басшысы әлеуметтік дүкенге ат басын бұрып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына назар аударды. Сондай-ақ ықшамауданға екі әлеуметтік дүкеннің аздық ететінін, сондықтан санын арттыру керектігін айтты. «Бүркітәлі» мектебінде «Бурыл» алқабының және «Ұлы дала» ықшамауданының тұрғындарымен ө т к е н к е з д е с уд е к ө п т е г е н мәселелер көтерілді. Екі сағатқа жуық уақытқа созылған, сұрақжауап түрінде өрбіген басқосуда жиырмаға туық тұрғын сұрақ қойып, оған қала әкімі тұшымды жауаптарын берді. – Құрметті тұрғындар! Әрине, әрбір көтеріп отырған мәселелеріңіз орынды. Дегенмен өздеріңіз де күнделікті көріп жүргендей, сең қозғалып, қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өткен жылы «Ұлы дала» ықшамауданының егжей-тегжейлі жоспарына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданған болатын. Шешімге сәйкес көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын тоқтаттық. Сөйтіп, ықшамауданда салынатын 16 үйдің құрылысын Асанбай Асқаров көшесінің аяғына ауыстырдық. Ал енді босаған 16 үйдің орнынан алдағы уақытта атшаптырым аумақты алатын саябақ ашылады. Ықшамаудан тұрғындары тарапынан жол мәселесі өте жиі көтеріледі. Биыл мұндағы 4 негізгі көшеге асфальт төселеді. Ең бастысы қаржы мәселесі шешілді. Бір жарым айда құрылыс жұмыстары толық аяқталады. Осы жылы жылу жүйелерін кеңейту жұмыстары аяқталған соң барлық көшелер асфальтталады. Сонымен қатар өткен жылы ықшамауданды жылумен қамту бойынша мәселелер туындағанын жасырмаймыз. Сөйтіп, тұрғын үйлердің жертөлесіне насос қойылды. Бірақ бірінші қабатта тұратын тұрғындарға қолайсыздық тудырды. Биыл мәселе толығымен ш е ш і л е д і . Ы қ ш а м а у д а н ғ а кіреберісте станса салынып жатыр. А л « Бу р ы л » а л қ а б ы н д а мектепке баратын және қоғамдық көлік жүретін негізгі көшелерге асфальт төселеді. Алқап көшелеріне асфальт төсеуді тұрғындар талай жылдан бері көтеріп жүрді. Биыл жұмыстар басталып, мердігер жұмысын бастап кетті. Жол төселсе, қоғамдық көлік мәселесі де шешіледі. Жақында қалаға 50 жаңа қоғамдық көлік келеді. Оған дейін алқапқа жол салынса, қоғамдық көліктердің жүру жиілігі де қысқарады. Бұрын ықшамауданға және «Бурыл» алқабына келетін автобустардың жүру жиілігі 30 минут болса, енді 10-12 минутқа дейін қысқарады. « Т ү й те » к а н а л ы н а б и ы л тазалық жұмыстары басталып, ағаш егіледі. Келесі жылы абаттандыру, к ө г а л д а н д ы р у ж ұ м ы с т а р ы жүргізіледі. 2024-2025 жылдары каналдың бойын абаттандыруға көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, демалыс орнына айналдыру жоспарымызда бар. Сол секілді байланыс және интернет сапасының нашарлығы тұрғындар тарапынан ең көп көтерілетін сұрақ десек те болады. Тұрғындардың талаптілегі бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, «Бурыл» алқабында екі жер учаскесін бөлдік. Жуық уақытта қосымша байланыс мұнарасы қойылады. Қ ұ р м е т т і т ұ р ғ ы н д а р , сіздердің әрбір ұсыныстарыңыз, сұрақтарыңыз біздің назарымызда. Әрбір мәселе бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. Дегенмен мәселенің бәрін бір жылда шешу мүмкін емес. Кезең-кезеңімен, жоспарға сай жүйелі жұмыстар атқарыла береді, – деді Бақытжан Әмірбекұлы әр тұрғынның сұрағына жеке-жеке жауап беріп. Жиынды қорытындылаған Ербол Шырақпайұлы тұрғындардың көтерген мәселелері бойынша қала әкіміне тапсырмалар берді. Талғат НҰРХАНОВ t.nurkhan1991@gmail.com
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар