Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Түймекентте тындырымды тірлік бар

Түймекентте тындырымды тірлік бар
ашық дереккөз
Түймекентте тындырымды тірлік бар
Кеше өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Байзақ ауданының Түймекент ауылдық округі әкімі Қанат Смағұловтың қатысуымен «Түймекент ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. – Түймекент ауылдық округінің аумағы 32346,8 гектарды құрайды. Жалпы аула саны – 1 415, ал халық саны – 9 564. Ауылдық округтің аппаратына осы жылдың соңғы 8 айында азаматтардан 33 өтініш түсті. 29 өтінішке әкімшілік акт қабылданса, 2 өтінішке ауыртпашылық әкімшілік акт қабылданды. 32 азамат әкімнің қабылдауында болып, 28 өтініш қанағаттандырылды. Ал 4 өтінішке заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіміне сәйкес Түймекент ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетеді, – деді ауылдық округтің әкімі Қанат Смағұлов. Биылғы жылдың 1 қыркүйегіне дейін атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша 50 отбасының өтініші қабылданған. Аталған отбасы мүшелеріне 18,992584 мың теңге толығымен төленген. Сондай-ақ ауыл тұрғындары арасында мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіптерін дөңгелетіп жүрген жандар көп екен. Мәселен, 40 ауыл тұрғыны бизнес саласы бойынша білімін шыңдап, тиісті сертификаттарын алған. Бизнес бастауға ниетті азаматтар қазіргі таңда өздерінің бизнес жобаларын жасап, 1 тұрғын қайтарымсыз грантқа ие болыпты. Келесі кезекте ауылдық округ әкімі ауылшаруашылық саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. – Ауылдық округтің егістік жер көлемі – 7 862 гектар. Осы жылы 2 320 гектарға арпа, 590 гектарға жүгері, 95 гектарға картоп, 230 гектарға қант қызылшасы, 300 гектарға көкөніс, 300 гектарға бақша, 430 гектарға жаңа жоңышқа, 2 060 гектарға ескі жоңышқа, 80 гектарға сүрленген жүгері, 340 гектарға сафлор егіліп, тиісті өнімдер алынуда. Сондай-ақ ауылдық округтегі жалпы жайылым жер көлемі – 17 637,45 гектар. Қажетті жайылым көлемі – 18 770,45 гектар. 1 333 гектарға жуық жайылым жердің жетіспеуіне байланысты округтің қызмет көрсету аумағында бос жатқан жер учаскелерін түгендеп, нақты шекарасын бекіту арқылы 801,1727 гектар жайылым жер қосылып беру қарастырылуда. Оның ішінде 740,83 гектар жайылым жер, ал 20 737 гектар бөгде жер, – деген Қанат Ерубайұлы спорт саласындағы оң өзгерістер туралы баяндады. Ауылдық округте 2021 жылы денешынықтыру-сауықтыру кешені салынып, қолданысқа берілген. Спортпен шұғылданушылардың саны 3 247 тұрғын. Спорттық үйірмелердің саны – 9. – Түймекент, Ғазиз Байтасов, Сәкен Сейфуллин орта мектептерінің спортзалы кешкі 19:00-22:00 аралығында ауыл тұрғындарына қолжетімді. Түймекент ауылдық спорт кешені таңғы 9:00-ден кешкі 22:00 аралығында тұрғындарға қызмет көрсетеді. Биыл спорт нұсқаушысы жоспарлағандай, 22 іс-шара сәтті ұйымдастырылды. Жалпы ауылдық округтен 7 Қазақстан чемпионы, 12 Азия чемпионы шыққан, – деді Қ.Смағұлов. Келесі жылы Түймекент ауылының барлық көшелерін жарықтандыру жоспарланып отыр екен. Сонымен қатар жер кезегінде тұрған азаматтарға жер беру үшін инфрақұрылым жүргізілмек. Дінмұхамед Қонаев көшесінің орталығынан Ғ.Байтасов тірек мектебіне дейінгі жаяу жүргіншілер жолы да келесі жылы төселеді. Сондай-ақ Ақжар ауылындағы Сәкен Сейфуллин көшесіне де жаяу жүргіншілер жолы салынады деп күтілуде. «Ақжар» балабақшасы және Түймекент ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Брифинг соңында ауылдық округ әкімі БАҚ өкілдерінің қойған сұрақтары мен әлеуметтік желіден келіп түскен сауалдарға жауап берді. Аяулым ЖАМАНҚАРА
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар