Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

КОЛЛЕДЖДЕ ТЕГІН ОҚИТЫН КҮН ДЕ АЛЫС ЕМЕС

КОЛЛЕДЖДЕ ТЕГІН ОҚИТЫН КҮН ДЕ АЛЫС ЕМЕС
ашық дереккөз
КОЛЛЕДЖДЕ ТЕГІН ОҚИТЫН КҮН ДЕ АЛЫС ЕМЕС
Кеше өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында «Кәсіптік-техникалық білімнің берері мол» тақырыбында брифинг өтті. Облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Бейқұт Жамангозовтың айтуынша, облыста 44 техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде 23 618 студент білім алып жатса, оның 11 мың 784-і мемлекеттік тапсырыс бойынша оқып жүр. Колледждердің материалдық базасын жетілдіру, сапалы білім беруге қол жеткізу мақсатында «Жас маман» жобасына 11 колледж еніп, 3,7 миллиард теңгеге заманaуи құрылғылар алыныпты. Нәтижесінде жобаға қатысқан 8 колледж бүгінде ақылы қызмет көрсетіп, оның ішінде 2 «Студент өнімі» дүкені және 2 ақылы қызмет көрсету орталығы ашылған. Соның арқасында олар 41 миллион теңге табыс тапқан. – Облыстағы 10 аудан мен Тараз қаласы әкімдерінің жанынан салалық жұмыс берушілер кеңестері құрылып, олардың ұсыныстары негізінде стратегиялық даму жоспары бекітілді. «Президенттің отандық ірі бизнес өкілдерімен кездесу кезінде берген тапсырмасына сәйкес, облыстағы колледждерді ірі кәсіпорындарға шефтік қамқорлыққа беру жұмыстары қолға алынды. Осыған байланысты 18 колледж «Қазфосфат», «Имсталькон», «Палацио» кәсіпорындарына және «Шәушен» ірі шаруа қожалығына бейіндері бойынша беріліп, 3 жақты меморандум жасалды. Шефтік қамқорлыққа алынған колледждерге кәсіпорындар тарапынан материалдық, тәжірибелік-әдістемелік қолдаулар көрсетілуде. Мысалы, «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан Жаңатас көпсалалы колледжіне студенттер арасында тау-кен қазба жұмыстарын ұйымдастыру үшін 4 гектар жер телімі бөлініп, тәлімгер шеберлер бекітілді», – деді спикер. Айта кетер бір жайт, биылғы оқу жылынан бастап, барлық колледждер академиялық дербестікке көшіп, 215 білім беру бағдарламаларын дайындауда 42 ірі салалық кәсіпорындардың ұсыныстары ескеріліп, реестрге тіркеліпті. Білім беру бағдарламалары кредиттік модульдік оқыту үрдісіне көшірілген. Сондай-ақ 9-сынып бітірген оқушыларды грантпен қамтамасыз ету де жоспарға алыныпты. Биылғы жылы колледж талапкерлері үшін мемлекеттік тапсырыс 70 пайызға арттырылса, 2025 жылға қарай 9-сынып түлектерін 100 пайызға дейін тегін біліммен қамту жоспарлануда.

Аяулым ЖАМАНҚАРА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар