Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

МУЗЕЙ ТҮНІНДЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА ТІЛ БІТТІ

МУЗЕЙ ТҮНІНДЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА ТІЛ БІТТІ
ашық дереккөз
МУЗЕЙ ТҮНІНДЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА ТІЛ БІТТІ
18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты облыстық тарихи-өлкетану музейінде және «Даңқ» залында «Музейлік құндылықтарға тіл біткенде: Музей түні – 2022» атты мәдени білім беру акциясы өтті. Биыл қала тұрғындары мен қонақтары офлайн тамашалауға мүмкіндік алған іс-шара «Музейлік құндылықтарға тіл біткенде» тақырыбында ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шара бірнеше бөлімнен тұрды. Алғашқы бөлімде 2000 жылдық тарихы бар археологиялық қазба жұмыстары барысында Тараз қалашығынан табылған құнды да бірегей жәдігерлердің тарихымен кеңінен таныстыру мақсатында арнайы көрме жасақталды. Сонымен қатар қазба жұмыстары барысында табылған қыш ыдыстарды тазалау, желімдеу және тағы да басқа жәдігерлерді қалпына келтіру жұмыстары бойынша арнайы реставратор маманының жұмысы және «Dala Crafts» қолөнер шеберлерінің ұйымдастыруымен өткен шеберлік сағаты халықтың ерекше назарына түсті. Ал 66 мемлекеттің ұлттық бас киімінен жасақталған көрме мен Ұлы Жібек жолы арқылы бізге келіп жеткен Қытай мәдениетінің шәй құю рәсімі мерекелік іс-шараның сәнін келтірді. Келесі бөлімде Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрының «Қарахан мен Айша бибі» қойылымы, орта ғасырдағы шетелдік саяхатшылардың киелі шаһарымызбен танысу көрінісі сомдалды. Қылыштасу өнері, асық ату, қазақша күрес сынды спорттық ойын түрлері балалардың қызығушылығын туғызды. Қорытынды бөлім марапаттау рәсімімен ұласып, қобыз, жетіген, домбырадан күй төгіліп, Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншілерінің әсем әуендерімен жалғасын тапты. Мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеров келіп, тамашалады. Іс-шара аясында көркемсурет галереясында «Біз – Қазақстанның болашағы» атты көрме ашылды және «Жеңіс» саябағында орналасқан «Даңқ» залында Р.Бағланова, М.Мәметова, Т.Бигелдиновтің 100 жылдығына орай театрландырылған қойылымдар қойылды.

Айжан ӨЗБЕКОВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар