Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Көктем көркі – қызғалдақ»

«Көктем көркі – қызғалдақ»
ашық дереккөз
«Көктем көркі – қызғалдақ»
Жер бетін көркем етіп тұрған дүние – ол жасыл желек жамылған табиғат десек, еш қателеспейміз. Сол табиғаттың ажарын ашып, көркіне көрік қосып тұрған нәзік өсімдік – гүл. Гүлдер табиғатқа ғана көркемдік бермейді. Ол адамзатқа да өзіндік әсерін тигізеді. Ал гүлдердің төресі – қызғалдақ. Қазақстанда қызғал­дақ­тың 35 түрі өседі. Сондық­тан да Орта Азия­дағы ең үлкен қызғалдақ мекені де біздің ел са­на­­лады. Ал оның ішінде ең көп қызғалдақ өсетін жер – ол да біздің облысы­мыз. Жалпы оңтүстік өңірі гүл­дер­­дің мекені. Бұл біле білген адамға таусылмас қазына, өзі келген байлық екені анық. Бір жағынан, бұл өңірімізге туристерді тар­тудың да бірден бір төте жолы. Осыған орай гүлдердің, қызғалдақтар­дың тарихы турасында, олардың өсуі мен көбею барысын түсіндіретін, облыстық Кино орталығының көру залында облыс әкімдігі туризм басқармасы­ның «Тараз-Туризм» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен «Көктем көркі – қыз­ғалдақ» жобасы аясында «Жамбыл облысының қызғалдақ­тары» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Онда жабайы қызғалдақтардың табиғи-ландшафты аймақтарының атласы, ту­ристік технологиялық маршурттарды әзірлеу, сондай-ақ Жамбыл жерінде өсетін қызғалдақтар тарихы туралы баяндалады. Киноның басты мақсаты да сол – біздің жер байлығымыздың көркін асырып тұрған, табиғаттың тылсым құбылыстарын аялап, гүлдерді жұлмау. Қызғалдақтарға құрметпен қарап, оның тағдырына балта шаппау. Ұйымдастырушылар осы фильм арқылы облысымыздың жабайы қызғалдақтары өсетін табиғи-ландшафты аймақтардың аумағымен таныстырып, қызғалдақ өсетін аумаққа жақын жерлерде тұратын адамдардың мәдениетін қалыптастыру және жергілікті жердің табиғи байлықтарын ұқыпты ұстауға баулу идеясын көтергендерін айтады. Алда табиғатты аялау, қызғалдақтарды қорғау туралы тәрбиелік бағыттағы жұмыстар өз жалғасын таба бермек. «AR-AI»-ақпарат
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар