Жамбыл жаңалықтары
Жамбыл облысына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұргүл Тау келді
- author AR-AY
- 26 тамыз, 2023
- 260
Жамбыл облысына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұргүл Тау келді
"Respublica" партиясынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұргүл Тау Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандарды аралап, тұрғындармен кездесті.
"Respublica" партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Нұрсұлтан Оспанов, облыстық мәслихат депутаты Данияр Серікпен бірге мәжілісмен Жамбыл ауданы Аса ауылында техникалық-шығармашылық кәсіби білім беру орталығының жұмысымен танысты. Орталықта 1000-нан аса бала оқиды, 16 оқытушы түрлі үйірмелер жүргізеді. Күрделі жөндеуден өткен ғимарат (1961 жылы соғылған) қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Нұргүл Тау орталық қызметкерлерімен кадрлық әлеуетті күшейту, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, ғылыми жобаларды әзірлеу мәселелерін талқылады.
⁃ Қосымша білім беру жүйесіне балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуда ерекше рөл атқарады. Сондықтан, барлық қажетті жағдайлар жасалуы керек. Қазір Respublica партиясының бастамасымен қосымша білім беру ұйымы қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесі белсенді талқылануда, - деді мәжілісмен. Нұргүл Тау Аса ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені мысалында ауылды жерлерде спорт саласының даму барысымен танысты. Мұнда спорт сүйер тұрғындар бокс, күрес, шағын футбол, теннис, волейбол, баскетбол ойнай алады. Барлық залдар инвентарьмен және қажетті жиһаздармен жабдықталған. Ғимарат пандустармен және арнайы дәретханалармен қамтамасыз етілген десек, бұл нысанның мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімділігін арттырады.
- Кешен кең аумақты алып жатыр. Мұнда балаларға арналған жабық футбол алаңы мен бассейн салу үшін барлық жағдай жасалған, - деді Нұргүл Тау.
Осындай тағы бір кешеннің құрылысы Айша бибі ауылында жүргізілуде. Нысанды қыркүйек айында тапсыру жоспарлануда.
Таразда мәжілісмен Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеровтың төрағалығымен өңірдегі әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі кеңеске қатысты.
Кеңес барысында әлеуметтік блок басқармаларының, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның, іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласына, балалардың құқықтарын қорғау, отбасы институтын нығайтуға қатысты ойларымен бөлісіп бірқатар ұсыныстарын айтты.
-Қабылданатын заңдардың сапасын қамтамасыз ету үшін біз тұрғындарымен кездесулер өткізіп, өңірлердегі жағдаймен танысамыз. Жұмыс сапары барысында анықталған проблемалар депутаттық сауалдар арқылы көтерілетін болады, - деді Нұргүл Тау.
Облыс орталығында Нұргүл Тау "Бақытты болашақ" оқушылар сарайының жұмысымен танысты. Мәжілісмен робототехника, 3D-модельдеу, авиамодельдеу, кеме модельдеу, қазақ және қазіргі заманғы сәндік-қолданбалы өнер, ландшафтық дизайн кабинеттері мен сәулет және дизайн мектебін, коворкинг-орталықты, обсерваторияны және планетарийді аралап көрді. Оқушылар сарайында барлығы 90 үйірме жұмыс істейді.
Сонымен қатар, Нұргүл Тау Жамбыл облысының туристік әлеуетімен танысты: ол "Тектұрмас" этно-тарихи кешеніне, Айша-бибі мен Бабаджи-хатун кесенелеріне, Қарахан кесенесіне, "Кеңесхан қажы"мешітіне барды
Келесі мақала