ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗУШЫЛАР ТЫЙЫЛМАЙ ТҰР
Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында той салтанатының шеруінде көлік кортежінің қатысушылары жасаған тыйым салынған маневрлерді анықтады.
Бейнематериалды зерделеу барысында жол қозғалысы ережелері талаптарын бұзу деректері тіркелді. Мәселен, заңсыз орнатылған қызыл-көк түсті жарық сигналдары, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің болмауы, көлік терезелері мен люктерден бастары мен қолдарын сыртқа шығарып отырған жастар, дрейф және тағы да басқалары бар.
Полицейлер іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде оқиғаның барлық қатысушыларын анықтады.
Көлік құралында арнайы жарық сигналдарын (строб шамын) беруге арналған құрылғыларды заңсыз орнату және қарсы қозғалыс жолағына шығу фактілері бойынша істің материалдарын қарауға әкімшілік сотқа жіберілді.
Көліктер айыппұл тұрағына қойылды. Тәртіп бұзушыларға жалпы сомасы 265 мың 650 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Келесі мақала