ГРАНТҚА ТҮСІРУГЕ УӘДЕ ЕТКЕН
2023 жылдың 11 тамызында Тараз қалалық полиция басқармасына Түймекент ауылының тұрғыны шағымданды. Әйел шағымында биылғы жылдың 28 шілдесінде ұлының Алматы қаласының белді университеттерінің біріне грантқа түсіру үшін өзінің танысына 500 000 теңге бергенін хабарлады.
Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер Тараз қаласының 31 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ер адам өз кінәсін толық мойындады. Тергеу жалғасуда.
Келесі мақала
ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗУШЫЛАР ТЫЙЫЛМАЙ ТҰР
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Моңғолияда Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
- авторAR-AY
- 29 қазан, 2024