Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«ЖАМБЫЛПОЛИТЕХ» БАСКЕТБОЛШЫЛАРЫ республикалық турнирде облыс намысын қорғайды

«ЖАМБЫЛПОЛИТЕХ» БАСКЕТБОЛШЫЛАРЫ республикалық турнирде облыс  намысын қорғайды
ашық дереккөз
«ЖАМБЫЛПОЛИТЕХ» БАСКЕТБОЛШЫЛАРЫ республикалық турнирде облыс намысын қорғайды
Жуырда Тараз қаласында техникалық және кәсіптік орта білім беру ұйымдары студенттерінің арасында ұлттық спорт лигасы өтті. Турнирге Тараз қаласынан және аудандардан барлығы 12 колледжден командалар қатысып, кіл мықтыдан кім мықтыны анықтады. Жарысқа қатысушылар спорттың бірнеше түрінен сынға түсіп, республикалық турнирге жолдама алу үшін жан алысып, жан берісті. Әсіресе баскетбол бәсекесі тартысқа толы болды. Сақадай сай дайындықпен келген командалар жеңіс үшін аянып қалмады. Дегенмен Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің баскетболшы жастарына тең келер команда болмады. Қарсыластарының барлығын айқын басымдықпен жеңген аталған колледж студенттері бірінші орынға ие болып, жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінді. Енді Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің спортты серік еткен жастары бір айдан кейін Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде өтетін республикалық турнирде облыс намысын қорғайды.

Талғат Нұрханов

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар