Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ӨМІРІ ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ӘЙГЕРІМ

ӨМІРІ ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ӘЙГЕРІМ
ашық дереккөз
ӨМІРІ ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ӘЙГЕРІМ
Әрбір адамның бақытты және табысты болғысы келетіні белгілі. Әрекетшіл, өмір айдынында әлдебір нәрсеге қол жеткізуді қалайтын жандар келешекте жетістікке жетуге мақсатты жоспар құрады. Осындай жігерлі жалын жүректі жастар арамызда жетерлік. Солардың қатарында Жамбыл ауданының тумасы Әйгерім Балықбаева да бар. Арманшыл жас Алматы экономика және статистика академиясында білімін шыңдаған кәнігі экономист. Жоғары оқу орнынан алған ілімін маман ретінде Жамбыл ауданының халықты жұмыспен қамту орталығында жастар тәжірибесімен жүзеге асырды. Араға уақыт салып, табандылығы мен өжеттілігінің арқасында аталған мекеменің есепшісі деген жауапты қызметтің тұтқасын ұстады. Негізі, ерекше біліктілікті қажет ететін есепші мамандығына бәрінің бірдей жүрегі дауалай бермейтіні шын. – Бірлігі мығым ұжыммен бірге барлық қуаныш пен қиыншылықты бірге өткеруге әркез дайын болу қажет. Ең бастысы, өз қызметіңе адал болсаң, азды-көпті нәпақаңды айырып отырған жұмыс орнына әрдайым алғыс сезімімен, жанашырлықпен қарасаң, әріптестеріңе деген сый-құрмет, көзқарасың түзу болса, абырой сенен алыстамайды. Өзің адал, тәубешіл, еңбекқор болуың керек, – дейді кейіпкеріміз бізбен тілдескенде. Әріптестерінің айтуынша Әйгерім өз жұмысына жауапкершілікпен қарайды, өте ұқыпты, тапсырылған жұмыстарды дер кезінде орындауға дағдыланған. Қызмет барысындағы өрелі істерге бел шеше араласады. Сұхбат барысында байқағанымыз, жас та болса бойында жігерлілік, шыдамдылық, шапшаңдық, икемділік, ептілік және иілгіштік қабілеттерінің бәрі жоғары деңгейде. Бұл өз кезегінде артына өсіп әріптестеріне өнеге болып тұрған іспетті. Еселі еңбегімен үлгілі атанған жанның Жамбыл ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін аудан әкімінің Алғыс хаты мен мекеменің Құрмет грамотасын иеленген. Бұл талапшыл жастың – еңбек жолында алған игі марапаттарының бір топтамасы ғана. «Еңбек ерлікке жеткізер» дегендей, әрқашан шыншылдық пен адалдықты ту еткен кейіпкерімізге сәттілік пен бар жақсылықты тілейміз.

Жәнібек АЙТБЕКҰЛЫ, Жамбыл ауданы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар