Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Нұржан Нұржігітов: Басты мақсат - барлық ауылды әлеуметтік игіліктермен толығымен қамту

Нұржан Нұржігітов: Басты мақсат - барлық ауылды әлеуметтік игіліктермен толығымен қамту
ашық дереккөз
Нұржан Нұржігітов: Басты мақсат - барлық ауылды әлеуметтік игіліктермен толығымен қамту
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Шу ауданына жұмыс сапары барысында Өндіріс және Жаңа жол ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.
Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес өткен кездесулерге құқық қорғау органдарының және салалық басқармалардың басшылық өкілдері де қатысты. Айта кетейік, өткен жылы облыстағы түрлі деңгейдегі әкімдердің 1200-ден астам кездесуі өтсе, ағымдағы жылдың басынан бері 1000-нан аса кездесу ұйымдастырылған. Оның 80-нен астамы облыс әкімінің қатысуымен өткен. Алдымен Өндіріс ауылдық округінде өткен кездесуде аймақ басшысы жергілікті тұрғындар көтерген әрбір мәселе назардан тыс қылмайтынын атап өтті. Жалпы, 1558 адам тұратын округте алты көше, жеті әлеуметтік нысан бар. Сонымен қатар, тұрақты жұмыс істеп тұрған 60 жеке шаруа қожалық бар. Егін және мал шаруашылығымен айналысатын 45 жеке шаруашылық жұмыс істеуде десек, өткен жылы олардың тоғызы субсидияға қол жеткізген. Ал, осы жылы уақ мал басына жеті шаруа қожалық, мүйізді ірі қараға 5 шаруа қожалық субсидия алған. Былтыр ауыл тұрғындарының мал басының көбеюіне байланысты жайылымдық жер мәселесін шешу мақсатында округке қарасты, мемлекет қорындағы 940,349 гектар жайылымдық жер пайдалануға берілді. Округте өткен жылы құны 90 млн. теңгені құрайтын сүт өңдеу цехы инвестициялық жоба жүзеге асырылса, биыл құны 5 млн. теңге болатын сүт өңдеу цехы (қымыз өндірісі) және көшетхана ( 4 млн. тг) жобалары іске қосылған. Ауылдағы барлық көшеге асфальт төселіп, табиғи газ, таза ауыз су тартылған. Басқосу барысында өндірістіктердің көкейдегі сауалдарына жауап берген Нұржан Нұржігітов облыс деңгейінде атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды. Дәл осындай форматтағы кездесу Жаңа жол ауылдық округінде де ұйымдастырылды. Мұнда тұрғындар суармалы су, ауыз судың қысымын реттеу, дәрігерлік амбулаторияның газ жүйесін іске қосу, мәдениет үйін және спорт кешенін салу секілді бірқатар өтініштерін білдірді. Облыс әкімі барлық мәселелерді шешу және мүмкіндіктерін қарастыру бойынша жауаптыларға нақты міндеттер жүктеді. Сондай-ақ, аймақ басшысы суғармалы су тапшылығын шешу, Тасөткел су қоймасын жаңғырту, спорт, мәдениет, білім нысандарының құрылысы, газ және ауыз сумен қамту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды да қысқаша баяндап өтті.
- Қазіргі таңда округте “Ауыл аманаты” жобасы бойынша жұмыстар қызу жүруде. Бұл бағытта ауылға 900 миллион теңгеден астам қаржы берілген. Жалпы, біз жобаға енген ауылдардағы әлеуметтік мәселелерді де кешенді түрде шешуді қолға алудамыз. Басты мақсат - барлық елді мекенді әлеуметтік игіліктермен толығымен қамту. Әр ауылда жыл сайын жақсы жаңалық болу керек. Бұл облыстың кешенді даму жоспарында нақтыланған. Жоспарды сапалы орындау - жергілік биліктің міндеті. Дегенмен, тұрғындар да өз тарапынан жауапкершілікті сезініп, сенім артса, нақты нәтижеге қол жеткізе аламыз,-деп түйіндеді Нұржан Нұржігітов.
Кездесулерден соң облыс әкімі тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар