Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбыл ауданының жолдары жөнделуде

Жамбыл ауданының жолдары жөнделуде
ашық дереккөз
Жамбыл ауданының жолдары жөнделуде
Жамбыл ауданында биыл жыл соңына дейін елді мекендердегі 88 көше жолдарын жөндеуден өткізу жоспарланған. Осы жылы облыс әкімінің қатысуымен өткен кездесулерде бірқатар елді мекендерде жол мәселесі көтерілген болатын. Нәтижесінде 30 елді мекеннің жалпы ұзындығы 72,4 шақырымды құрайтын 88 ауылішілік көше жолдары қазіргі таңда күрделі жөндеуден өтуде. Оның ішінде «Ауыл – ел бесігі» жобасымен 6 елді мекеннің жалпы ұзындығы 33,3 шақырымға жететін 37 ауылішілік көшесі реттеліп келеді. Сонымен қатар аудандық бюджет есебінен 22 елді мекеннің 49 көшесі, облыстық бюджет есебінен 2 елді мекеннің 2 көшесі жөнделіп жатыр. Айта кетейік, биыл облыста жол саласына бөлінген 24,7 миллиард теңгеге 497 жоба жүзеге асуда. Оның ішінде облыстық маңызы бар автожолдардың үлесі 137 шақырымды, елді-мекен көшелерінің үлесі 558 шақырым, аудандық маңызы бар жолдар 105 шақырымды құрап отыр. Облыс әкімінің баспасөз қызметі
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар