Аймақ басшысы Өзбекстан Елшісімен кездесті
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Өзбекстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесті.
Нұржан Нұржігітов облыс туралы жан-жақты ақпарат бере отырып, аймақтың әлеуетті инвесторлар мен туристер үшін тартымдылығын атап өтті.
Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері мен жоспарларды талқылап, стратегиялық әріптестіктің басым бағыттары бойынша келісімдердің маңыздылығына тоқталды.
Айта кетейік, Жамбыл облысының Өзбекстанмен сыртқы сауда айналымының көлемі өткен жылы 29,7 миллион АҚШ долларын құраған (өсім 54,7 пайыз). Ал осы жылдың қаңтар-маусым айларында өзара тауар айналымының көлемі 14,4 миллион теңгеге жеткен.
Өзбекстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Жамбыл жеріне жұмыс сапары барысында бірқатар өнеркәсіп орындарына, тарихи-мәдени нысандарға барып, облыс кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Келесі мақала