Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕР КЕҢЕСТЕ ҚОЗҒАЛДЫ

КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕР КЕҢЕСТЕ ҚОЗҒАЛДЫ
ашық дереккөз
КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕР КЕҢЕСТЕ ҚОЗҒАЛДЫ
Жуырда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Ермек Момбаевтың төрағалығымен құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелермен қорытынды жедел кеңес өтті. Жиында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Мақсат Әкімбаев, Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы, майор Жалғас Абдуалиев, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Әлібек Абсатов және облыс бойынша «Апаттар медицинасы орталығының» филиал жетекшісі Бақытжан Төлбасиев және басқа да бірқатар құзырлы мекеме басшылары баяндама жасады. Ал облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кадр саясаты басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қорғау майоры Ердәулет Шоңғараев өз баяндамасында мемлекеттік органда қызмет атқаратын әрбір қызметкер заңнама нормаларының сақталуын қатаң қадағалап, жүктелген міндеттерді өз деңгейінде орындау қажеттігін, сондай-ақ қызмет атқару барысында сыбайлас жемқорық әрекеттеріне жол бермеулері тиіс екендігін баса айтты. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын жан-жақты түсіндірді және орын алған әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша бірнеше фактілерді мысал етіп келтіріп, оның ішінде жолда жүру ережелеріне де тоқталды. Егер әкімшілік құқықбұзушылықтар орын алған жағдайда тікелей басшылықты хабардар ету қажеттігі туралы ескертті. Кеңестің қорытындысында Тараз қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мен аудандардағы төтенше жағдайлар бөлімінің бастықтарына тұрғындар арасында оқыс және төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарын күшейту тапсырылды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар