Әлеумет
Жаңа оқу жылынан бастап 1-4 сынып оқушыларының барлығы тегін тамақ ішеді
- author AR-AY
- 14 тамыз, 2023
- 217
Жаңа оқу жылынан бастап 1-4 сынып оқушыларының барлығы тегін тамақ ішеді
Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылады, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
"Тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 1,5 миллионнан астам оқушыға, сондай-ақ әлеуметтік мәртебесіне қарамастан бастауыш сынып оқушыларына тегін тамақ беру жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Республика бойынша тегін тамақпен қамту құны орта есеппен 577 теңге тұрады, ең жоғары баға Алматы қаласында – 800 теңге.
"Алдыңғы жылдары 1-4 сынып оқушыларының 56,6%-іне тегін тамақ берілді. Атап айтқанда, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Атырау облыстарының оқушылары қамтылды", - деп атап өтті Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басқарма басшысы Дана Мақтаева.
Оның айтуынша, қалған өңірлердің оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді, осылайша жаңа оқу жылынан бастап 100% көрсеткішке қол жеткізіледі.