Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Айдынның алар асуы алда

Айдынның алар асуы алда
ашық дереккөз
Айдынның алар асуы алда
Жақында Ақермен ауылдық округінде шағын кәсібін дөңгелетіп отырған Ақермен ауылының жас кәсіпкері Айдын Қамзамен «Кәсіпкерлік – жарқын болашаққа бастама» тақырыбында сұхбат ұйымдастырылды. Сұхбат барысында Айдын Қамзадан «Қымыз – ауруға ем, сауға қуат», демекші, қазақтың табиғи сусыны қымыз туралы көптеген мол мағлұматтар айтып, жастардың сұрақтарына жауап берді. Жас кәсіпкер Айдын кәсіпкерлікке 3 жыл бұрын бет бұрған екен. Пандемия уақытында 1 жылқымен кәсібін бастап, 2022 жылы қайтарымсыз грант алады. Сондай-ақ әкесі Хали Жұмағұлов «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында 2,5 пайыздық несие алып, мал басын көбейтіп, табыстарын арттырыпты. Кәсіпкердің айтуынша, қазіргі уақытта айлық табысы орташа есеппен алғанда 600 000 теңгені құрайды. Бүгінде жас кәсіпкер мемлекет тарапынан берілген жеңілдіктерге өз ризашалығын білдіріп, үлкен алғысын айтып, ауыл жастарына үлгі болуда. «Кәсіп болмай, нәсіп болмас» демекші, жұмыссыз жүрген ауыл жастарын осындай игілікті істермен айналысуға шақырамын. Саят САМСАБАЕВ, Ақермен ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспекторы, Меркі ауданы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар