Жас қызметкердің шаңырағына барды
Әрбір қызметкермен тіл табыса білу әрі тығыз қарым-қатынас орнату – кез келген басшының бойындағы ең басты құндылық. Себебі, жұмыстың жүйелі болуында бұл фактор зор әсер ететіні анық. Әйтпесе, өктем бұйрық беріп, өзіңді өзгеден жоғары санау бір кем дүние.
Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің басшы құрамы жеке құрам қызметкерлеріне қамқорлық танытудан жаңылған емес. Мәселен, жуырда аталған мекеменің бақылаушылық қызмет бөлімінің бастығы әділет капитаны Бахтияр Махатов әріптесі жас қызметкер әділет кіші сержанты Айдын Сегізбаевтың шаңырағына арнайы барып, отбасы мүшелерімен тілдесті. Жылы жүздесу барысында Бахтияр Қанатұлы қиындығы мол ҚАЖ саласында қызмет ететін азамат үшін жақындарының қолдауы қашанда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Келесі мақала