Онлайн түрде қате аударылған міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды қайтаруға өтінім беруге болады
- author AR-AY
- 8 тамыз, 2023
- 272
Мемлекеттік корпорация сұранысқа иемемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойыншажұмыстарды жалғастыруда. Пилоттық жобанегізінде азаматтарға ыңғайлы болу үшінэлектрондық үкімет порталы арқылы артық(қате) төленген әлеуметтік аударымдарды жәнеміндетті зейнетақы жарналарының қатеесептелген сомаларын қайтару бойынша сервисіске қосылды.
Жаңа жоба қызмет алушылар үшін қатеаударылған қаражатты қайтару жолын жеңілдетіпқана қоймай, Мемлекеттік корпорация қызметкерлеріне жүктемені айтарлықтайазайтатынын атап өтеміз. Өтінім беру үшін жұмысберушіге электрондық үкімет порталындағыдеректерді толтыру қажет. Сондай-ақ, төлеушініңдеректемелерін және оның төлем тапсырмасыныңдеректерін көрсету қажет. Айта кетейік, қате аударылған әлеуметтік және зейнетақыаударымдарын қайтару, жүктілік және 1,5 жасқадейінгі бала күтімі бойынша берілетін әлеуметтіктөлемдерінің дұрыс есептелуі мен тағайындалуыүшін қажет.
«Бұған дейін жұмыс берушілер Мемлекеттіккорпорацияға келіп, ақшалай қаражатты қайтарутуралы өтінішті қағаз күйінде тапсыратын. Одан бөлек өтініштер пошта қызметі арқылы жіберіліп, оларды жеткізу ұзақ уақытты талап ететін. Біз азаматтардың қолайлығы үшін eGov.kz порталында осы сервисті іске қостық. Енді жұмыс берушілер мен төлеушілер, өтінішті онлайн жіберіп, уақыттарын едәуір үнемдейалады. Сондай-ақ, жаңа сервистің арқасында қызмет көрсету мерзімі 15 күннен 12 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Сонымен қатар, өтініш берушілер өтінішінің қаралу дәрежесінбақылай алады», - деп атап өтті, Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасының орынбасары Асхат Ибраев.
Айта кетейік, бұл сервис ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі арасында бірлесіп жасалған бұйрық нәтижесінде іске асырылды.
Аталмыш инновацияны жүзеге асыру «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірлесіп атқарылған қызметінің нәтижесінде мүмкін болды.Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ұйымдар Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы әлеуметтік төлемдер туралы ақпарат алу бойынша сервисті іске қосқан болатын.