Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ресімделмеген 8 868 жер учаскесі анықталған

Ресімделмеген 8 868 жер учаскесі анықталған
ашық дереккөз
Ресімделмеген 8 868 жер учаскесі анықталған
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен кезекті брифингте облыс бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жер кадастры басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абзал Баубеков «Тараз қаласының жерлерін есепке алу» жөнінде есеп берді. Бүгінгі таңда Тараз қаласының аумағында тұрғын үйлер, саяжайлар, шағын және орта бизнес объектілері, өндірістік объектілер, инфрақұрылым және басқа да учаскелер сияқты ресімделмеген жер учаскелері бар. Олар тиісті органдарда тіркелмеген. Сондай-ақ нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмауы мүмкін. Қала жерлерінің есебін жүргізудің арқасында біз барлық мүдделі тұлғалардың келесі қызметтерді алуға қол жеткізуін қамтамасыз ете аламыз. Қазіргі уақытта 36 мың учаскенің ішінен 18 мың учаске зерттеліпті. Өткен жылы Мемлекеттік корпорация «Қазақстан Ғарыш сапары» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен бірлесіп, Тараз қаласы аумақтарының ғарыштық мониторингі бойынша іс-шаралар өткізген. Нәтижесінде Тараз қаласы бойынша 8 868 ресімделмеген жер учаскесі анықталыпты. – Биылғы 10 шілдедегі жағдай бойынша 8 868-ден 4 271 жер учаскесіне мемлекеттік актілер дайындалды. Қалған 4 597 жер учаскесі әлі ресімделмеген, өйткені жер пайдаланушылар тарапынан өтініштер әлі түскен жоқ. Қала жерлерінің есебін жүргізудің арқасында біз барлық мүдделі тұлғалардың келесі қызметтерді алуға қол жеткізуін қамтамасыз ете аламыз. Атап айтсақ, өзекті жер кадастрлық деректері, жер учаскелері шекараларының координаттарын алу, нақты шекаралар бойынша жер учаскелерін қайта жобалау, жер иелері туралы жер кадастрлық мәліметтерді дайындау, – дейді Абзал Мелдібекұлы. Жер кодексінің 44-бабы бойынша, құрылыс басталар алдында жерге құқық беру туралы жерге орналастыру жобасы дайындалады екен. Сонымен қатар жерге орналастыру жобасының құрамында берілетін жер учаскесінің ауданы, оның шекаралары мен орналасқан жері, жер учаскесінің сабақтас меншік иелері мен жер пайдаланушылар нақтыланады. Бөлінгіштігі мен бөлінбейтіндігі, сондай-ақ берілетін жер учаскесінің ауыртпалықтары мен сервитуттары айқындалады. Жерге орналастыру жобасының негізінде жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган жерге тиісті құқық беру туралы жергілікті атқарушы орган шешімінің жобасын дайындайды. Жер кодексінің 51-бабы бойынша, жер учаскесі бөлінетін және бөлінбейтін болып екіге тармақталады. Бөлінетін жер учаскесі – ол өзінің нысаналы мақсатын өзгертпестен және өртке қарсы, санитарлық, экологиялық, құрылыс және өзге де міндетті нормалар мен ережелерді бұзбай бөліктерге бөлінуі мүмкін, олардың әрқайсысы бөлінгеннен кейін дербес жер учаскесін құрайды. Әйтпесе ол бөлінбейтін болып саналады. Жер учаскесінің бөлінбейтіндігі жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжатта көрсетіледі.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар