Ауғанстаннан 200 адамнан тұратын делегация келді
Ауғанстаннан Қазақстанға 200-ден астам адамнан тұратын делегация келді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин жазды.
Министрдің айтуынша, жуырда Астанада B2B келіссөздері, бизнес-форум, ауған тауарларының көрмесі сияқты ауқымды шаралар өтеді.
Ауғанстан Орталық Азия елдерінің ішінде Қазақстанмен ең көп сауда жасайды, ынтымақтастықты дамыту үшін зор әлеуетіміз бар, - деп жазды Серік Жұманғарин.3-5 тамыз аралығында Астанадағы «Expo Center» көрме орталығында өтетін Қазақстан-Ауғанстан іскерлік форумына келетін ауған кәсіпкерлерінің арасында кілем, сусындар мен асыл тас өндірушілер бар. Сауда министрлігінің мәліметінше, Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы екіжақты сауда-саттық айналымы 1 миллиард долларға жетті. Екі тарап бұл көрсеткішті 3 млрд долларға дейін арттыруды жоспарлап отыр.
Келесі мақала