Спорт кешенінің құрылысын көрді
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәкен Арубаев Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданына жұмыс сапары аясында Көгершін ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын көрді.
3200 тұрғыны бар ауылға арналған кешенде волейбол, баскетбол, футбол және де басқада үйірмелер қамтылған.
Сенат депутаты спорт кешенінің құрылысын көріп шықты.
Спорт кешені тамыз айында пайдалануға берілмек.