Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ҚАЗАҚСТАН МЕН ЛЮКСЕМБУРГ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ НЫҒАЯДЫ

ҚАЗАҚСТАН МЕН ЛЮКСЕМБУРГ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ НЫҒАЯДЫ
ашық дереккөз
ҚАЗАҚСТАН МЕН ЛЮКСЕМБУРГ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ НЫҒАЯДЫ
Жуырда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу елімізге ресми сапармен келген Люксембург Ұлы Герцогтігінің Сыртқы және еуропалық істер министрі Жан Ассельборнмен екіжақты келіссөздер өткізді. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Люксембург арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың жай-күйі мен байланыстарды дамыту перспективаларын, сондай-ақ көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды талқылады. М.Нұртілеу Люксембургпен өзара тиімді қарым-қатынасты дамыту Қазақстанның Еуропа бағытындағы сыртқы саясатының маңызды басымдықтарының бірі екенін атап өтті. «Қазақстан-Люксембург әріптестігі көптеген өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша ұқсас ұстанымдарының арқасында екіжақты және көпжақты негіздерде ұзақ уақыттан бері достық пен өзара сенімге, сындарлы өзара іс-қимылға негізделген. Біз өзара іс-қимылды жаңа деңгейге көтеру, сондай-ақ Еуропа одағы шеңберіндегі диалогты тереңдету үшін Люксембург әріптестерімізбен тығыз жұмыс істеуге дайынбыз», деді М.Нұртілеу. Өз кезегінде Ж.Ассельборн Люксембург тарапының Қазақстанмен әріптестікті одан әрі нығайтуға және кеңейтуге мүдделілігін білдірді. Осы тұрғыда сапар барысында авиация саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу және пайдалану мәселелері бойынша өзара түсіністік меморандумдарына қол қойылғаны аталып өтті. Сұхбаттастар инвестициялық әріптестікті және былтыр 2,5 есеге, ал биыл 4,5 есеге артқан тауар айналымын атап өтті. Люксембургтен тікелей инвестиция ағыны 2022 жылы 202,5 миллион АҚШ долларын құраған. Келіссөздерде Қазақстан мен ЕО ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді, соның ішінде ҚР азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету туралы консультацияларды имплементациялауға бағытталған барлық басым бағыттар бойынша байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылды. Ж.Ассельборн ҚР мен ЕО арасындағы визалық режимді либерализациялауды қолдауын растады. Сондай-ақ жиында білім беру, қаржы, көлік, тау-кен өндіру, энергетика және табиғатты қорғау секторларындағы ықпалдастық мүмкіндіктері талқыланды. Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша да пікір алмасты. Жалпы өткен келіссөздер Қазақстан мен Люксембург арасындағы саяси байланыстарды, іскерлік әріптестікті, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды, еуропалық және әлемдік аренадағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту үшін жағымды мүмкіндіктер бар екенін көрсетті.

«AR-AI»-ақпарат

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар