Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Түнгі қаладағы балалар»

«Түнгі қаладағы балалар»
ашық дереккөз
«Түнгі қаладағы балалар»
Осы жылдың 17-19 шілдесі аралығында балалардың жазғы демалысы кезеңінде облыс аумағында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер тарапынан жасалатын қылмыстардың алдын алу, жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйден тыс жерде заңды өкілдерінсіз болуы, сондай-ақ оларға алкогольдік ішімдіктер мен темекі өнімдерін сату деректерінің жолын кесу. Іс-шараға 436 полиция қызметкері, білім беру мекемелерінің 76 өкілі, денсаулық сақтау мекемелерінің 12 және жергілікті атқарушы органдарының 36 өкілі жұмылдырылды. Ювеналды полиция инспекторлары тұрғын үй аулаларында, саябақтарда және жастар көп жиналатын жерлерде, ойын-сауық орындарында рейдтік жұмыстар жүргізді. Жедел-алдын алу іс-шарасының нәтижесінде полиция органдарына 587 жасөспірім, оның ішінде 521 жасөспірім тұрғын үйден тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін болғаны үшін, 22-сі әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін жеткізілді. Сонымен қатар 27 ата-анаға қатысты балаларын тәрбиелеуде өз жауапкершіліктерін тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 127-бабы – «Тәрбие және (немесе) білім беру бойынша жауапкершілікті орындамау, жасөспірімдердің құқықтары мен мүдделерін қорғау» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 21 жасөспірім орналастырылды. «АR-AI»-ақпарат
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар