Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Елдік мәселелерді халық болып шешудің тетігі

Елдік мәселелерді халық болып шешудің тетігі
ашық дереккөз
Елдік мәселелерді халық болып шешудің тетігі
Референдум – мемлекеттің ең маңызды мәселелерін халық болып шешудің басты тетігінің бірі. Сол арқылы әрбір әрекетімізді, атқарар істерімізді, еңсерер меже-міндеттерімізді өзара ақылдаса отырып, кемеліне келтіріп, жүйелі жүргізе аламыз. Әрбір азамат өз ұстаным-пікірін мемлекет үшін маңызды екенін түсінуге, өзін ортақ Отанымыздың бір бөлшегі ретінде сезінуге мүмкіндік береді. Байырғы замандардағы хандарымыз іргелі істерде халықпен кеңес құрған, бұқарасының батасын алған. Бертінде қазақ көсемдері Мәңгілік ел құру жолында бас біріктіріп, бір тудың астына жиылып, Ұлытаудағы жақпар тастарға бірліктің бітімінің символындай төл таңбаларын қашап қалдырған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жариялаған референдумда әрбір қазақстандықтардың таңдауы біріге, тұтаса келе, біртұтас елдің таңдауына айналады. Алдағы Конституциялық реформа нәтижесінде Ата Заңдағы 98 баптың 33-і өзгереді деп күтілуде. Референдумда ел қолдаса, онда Ата Заңға түзетулер биыл күшіне енбек. Тек Парламентке және Конституциялық соттың қызметіне қатысты нормалар 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгізілуі мүмкін. Бұл – жыл соңына дейін осы конституциялық жаңашылдықтарды жүзеге асыру үшін қажетті заңдардың тұтас топтамасын қабылдау қажеттілігімен байланысты. Әсіресе ең қағидатты мәселелер жер, оның қойнауы, оның қазыналары халықтың меншігі деген концептуалды тың тұжырым жасалып отыр. Басқа да үлкен-үлкен мәселелер бар. Конституцияның 6-бабына «Жер және жер қойнауы – халықтың меншігі, байлығы» деген бап енгізілмек. Президент сөзден гөрі іске баса назар аударып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын алға қоя отырып, осындай маңызды шешім қабылдап отырғаны анық. Бұл осы елдің азаматы ретінде мені де қатты қуантты. Бүгінгі таңда еліміз үлкен өзгерістер алдында тұр. Ел тарихындағы елеулі оқиғаға бейжай қарамай белсенді қатысу – әрбір азаматтың басты борышы. Себебі бұл – бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды күн. Сондықтан 2022 жылдың 5 маусым күні әр қазақстандық өзінің жеке азаматтық борышын орындауы өте маңызды. Себебі еліміздің болашағының дамуы тікелей осы референдумға байланысты болып отыр. Ата Заңға сәйкес ол барлық азамат үшін тең мүмкіндіктердің кепілі болуға тиіс. Нұрғали НИЯЗҚҰЛОВ, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы бөлімінің басшысы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар