Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбыл облысы Сұлутөр ауылында жаңа спорттық кешен пайдалануға берілді

Жамбыл облысы Сұлутөр ауылында жаңа спорттық кешен пайдалануға берілді
ашық дереккөз
Жамбыл облысы Сұлутөр ауылында жаңа спорттық кешен пайдалануға берілді
Астана күні мерекесіне орай Жамбыл облысы Жамбыл ауданында дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешені ел игілігіне берілді. Сұлутөр ауылдық округіндегі жаңа спорттық нысанның ашылуына облыс әкімі Нұржан Нұржігітов қатысып, тұрғындарды мерекемен және қуаныштарымен құттықтады.
- Өңірімізде жоғарғы спорт, оның ішінде бұқаралық спорттың дамуына үлкен көңіл бөлінуде. Бұл спорт кешенінде Олимпиада ойындарының, Әлем және Азия біріншіліктерінің чемпиондары мен жүлдегерлерінің көптеп шығатынына сенімім мол. Халқымыздың шынайы серігіне айналған спорт – бүгінде үлкен мемлекеттік қолдауға ие. Бүгінгі күнге облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 482,7 мыңнан астам адамға немесе облыс тұрғындарының 39,6 пайызына жетті. Өңірімізде спорт саласын дамыту үшін биыл жалпы 13,3 млрд. теңге бөлінді. Жаңадан спорт кешендері бой көтеріп, халық игілігіне берілуде. Өңірде спортпен айналысамын деген әрбір азаматқа қолайлы жағдай жасалуда. Өткен жылы 4 спорт нысаны мен 62 спорт алаңшасы қолданысқа берілсе, қазіргі таңда 23 спорт нысаны мен 38 спорт алаңшасының құрылысы жүруде. Биыл 16 спорт нысанының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек. Заманауи спорт кешендері бар шалғай ауылдардың да қатары артып келеді,-деді Нұржан Нұржігітов.
Бұдан соң Сұлутөр ауылының ардагері, Қарой ауылдық округінің қоғамдық кеңестің төрағасы Абай Мадалиев сөз алып, мемлекет және облыс басшылығы тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар үшін ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. Сондай-ақ, ол жаңа нысан ауылдықтардың игілігіне жарайтынын атап өтті. «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында бой көтерген дене шынықтыру және сауықтыру спорт кешенінің жалпы құны – 322 миллион теңге. Заманауи үлгідегі, спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген нысанның құрылысын «Ай–Дин Тараз құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Сыйымдылығы 150-ден аса адамды құрайтын кешенде ауыл тұрғындары спорттың 10-ға жуық түрімен айналысатын болады. Айта кетейік, бүгінде Жамбыл ауданы бойынша 171 спорттық нысан бар.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар