Жамбыл жаңалықтары
Әкімшілік істерді жүргізуде мемлекеттік тіл маңызға ие
- author AR-AY
- 26 қыркүйек, 2022
- 164
Әкімшілік істерді жүргізуде мемлекеттік тіл маңызға ие
Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық сотында
«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 738 бабының талаптарын сақтау мәселесі» тақырыбында семинар сабағы өтті. Басқосуға сот төрағасы Д.Б.Мәуленов, судья А.Б.Бексұлтанова, Тараз қалалық прокуратурасының аға прокуроры Б.А.Нұралиев және облыстық полиция департаментінің ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы Қ.Ж.Қалжанов пен аудандық сондай-ақ қалалық жергілікті полиция қызметінің өкілдері қатысты.
Жиында Д.Б.Мәуленов Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді мемлекеттік тілде жүргізу қажеттігін, үстінен әкімшілік іс қозғалған тұлға қазақ тілін білмейтін болса, іс жүргізу тілін өзгерту туралы қаулы шығару керектігін атап өтті. Сонымен қатар, сот төрағасы кейбір санаттағы әкімшілік істерді қарау бойынша сот тәжірибесі және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіндегі 738-баптың ережелерін түсіндірді. Сондай-ақ, лауазымды адамдардың тарапынан сот ісін жүргізу тілі туралы қағида бұзылған жағдайда жекеше қаулы шығару арқылы әсер ету орын алатындығына баса назар аударды. Семинар соңында қатысушылар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстерді мемлекеттiк тілде жүргізу бойынша әрі және қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту мақсатында нақты шаралар қабылдайтындығына уағдаласты.
Айта кетейік, бұл жиынның негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзуді мемлекеттiк тiлде, қажет болған жағдайда орыс немесе басқа да тiлдерде жүргізу керектігін түсіндіру болып табылады.
Келесі мақала