Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ауылдың ажарын арттырсақ игі

Ауылдың ажарын арттырсақ игі
ашық дереккөз
Ауылдың ажарын арттырсақ игі
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңестің күн тәртібінде «Ауыл – ел бесігі» және «Дипломмен – ауылға!» жобаларының орындалуы мен орманшаруашылығы мәселесі қаралды. Алғашқы мәселе бойынша облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекованың баяндамасы тыңдалды. Гүлдана Әлімжанқызының айтуынша, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатында қолға алынған «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында биыл 95 елді мекенде 280 жобаны іске асыруға 15,8 миллиард теңге бөлінген. Оның ішінде 280 жобаның 27-сі өткен жылдан өтпелі, 253 жоба жаңадан басталады. Жалпы бөлінген қаржыға 6 мектепке жапсарлас ғимараттың, 21 денешынықтыру-сауықтыру кешенінің, 15 мәдениет үйінің, 6 денсаулық сақтау нысанының, 1 қосалқы электр стансасының құрылыс жұмыстары және 7 білім нысанын газбен қамту жұмыстары жоспарланған. Сонымен қатар 8 әлеуметтік нысан мен 308 шақырымға жуық ауылішілік көшелердің жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, жүзеге асырылатын болады. Нәтижесінде 920 жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Осы жылдың 1 шілдесіне барлық 253 жаңа жобаның 218-інде конкурстық рәсімдері аяқталып, 149-ында жұмыстар басталды. 20 жоба қаралу сатысында болса, 15 жоба – шағымдану үстінде. Баяндамашы өз кезегінде бұл бөлінген қаражаттың сапалы игерілуіне кері әсер ететінін атап өтті. – Салалар кесіндісінде білім саласына тоқталар болсақ, мектепке жапсарлас ғимараттар құрылысы бойынша жалпы 6 жобаның төртеуі және күрделі жөндеу жұмыстары бойынша 4 жобаның біреуіне қатысты мердігер әзірге беймәлім. Денешынықтыру және спорт саласында спорт және денешынықтыру- сауықтыру кешенінің құрылысы бойынша жалпы 7 жобаның ішінде бесеуі анықталмаған. Денсаулық сақтау саласында денсаулық сақтау нысандарының құрылысы бойынша жалпы 2 жобаның екеуінде де мердігер нақтыланбаған. Мәдениет үйлерінің құрылысы бойынша жалпы 7 жобаның ешқайсысының мердігері жоқ. Газбен жабдықтау бойынша да тиісті 7 жобаның мердігерлері белгісіз. Жолдарды орташа жөндеу бойынша жалпы 215 жоба болса, оның 9-ы анықталмаған. Оның бесеуі Жамбыл ауданында, біреуі Қордайда және үшеуі Меркі ауданында, ؘ– деді Гүлдана Жауынбекова. Гүлдана Әлімжанқызы баяндама барысында бірнеше аудандағы спортзал, асхана мен денешынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы келесі жылға өтпелі екенін және Жамбыл ауданының Қаракемер, Өрнек ауылдарындағы денешынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылыс жұмыстары өте баяу жүріп жатқанын тілге тиек етті. Баяндама соңында Гүлдана Жауынбекова облыс әкімінен 6 айдың нәтижесін қорытындылауға санаулы күндердің қалуын ескере отырып, жоспарланған қаржыны сапалы игеру үшін бюджеттік бағдарлама әкімшілері мен аудан әкімдеріне тиісті жұмыстар атқару бойынша хаттамалық тапсырма беруін сұрады. Мұнан кейін Нұржан Молдиярұлы жұмысты баяулатып отырған бірқатар аудан әкімдерінен себеп-салдарын сұрады. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша да есеп берген Гүлдана Жауынбекова аталмыш бағдарлама аясында ағымдағы жылы 204 маманға 1,1 миллиард теңге көлемінде бюджеттік несие қарастырылғанын айтты. Соңғы үш жылда ауылдық елді мекендерде жұмыс істеуге 1 596 маман келсе, оның 867-сіне қажеттілігіне қарай тұрғын үй сатып алуға немесе салуға несие берілген. Биылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша аудандарда 613 маман тапшы болып отыр. Жиында келесі кезекте орманшаруашылығы мәселесі туралы облыс әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Олжас Баққараевтың баяндамасы тыңдалды. Облыс көлемінде басқармаға бағынысты 15 орманшаруашылығы және «Сапсан» мамандандырылған жедел қызметі» жұмыс атқарады. Облыстағы мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 4 миллион 427 мың гектар болса, оның орман ағаштары көмкерген жерлері 2 миллион 357 мың гектарды құрап отыр. Орман қоры жерлері облыс аумағының 30,8 пайызын алып жатыр. – Облыста 2021-2025 жылдары ормандарды молықтыру және молайту туралы бекітілген кешенді жоспар бойынша, аймақта 140 миллион ағаш егілуі тиіс. Осы жылдың көктем айларында 5 670 гектар жерге 16,6 миллион дана орман көшетін отырғызу және 350 гектар жерге 345 мың дана көшетпен орман толықтыру жұмыстары орындалуы қажет болған. Алайда вегетациялық кезеңнің басталуына байланысты тек 5 330 гектар аумаққа 15,6 миллион көшет отырғызылды. Осылайша жоспар 94 пайызға орындалды, қалған 340 гектар алқапқа орман егу жұмыстары күз айларында толық орындалатын болады. Сонымен қатар күз айларында 13 147 гектар жерге 14,4 миллион дана сексеуіл ағашы тұқымын себу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Сондай-ақ 2023 жылға 22 гектар қарағаш тұқымбағын, 210 гектар сексеуіл тұқымбағын себу жоспарланған болатын. Қазіргі уақытта 22 гектар қарағаш тұқымбағы себілді. 210 гектар аумақта сексеуіл тұқымбағын себу жұмыстары күз айларында орындалмақ. Соңғы үш жылда 50 миллион ағаш егілді, бұл көрсеткіш күзгі ағаш егу және тұқым себу жұмыстарын қосқанда 65,5 миллионға дейін өсетін болады, – деді Олжас Баққараев. Сондай-ақ ол орман пайдалану бойынша, орманды қорғау, материалдық-техникалық база, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жайы мен қосымша қызметтік үйдің жетіспеушілігі, басқармаға бағынысты орманшаруашылығы мекемелеріндегі қолданыстағы тозығы жеткен техникалар мен агрегаттарды есептен шығару, қызметкерлерге үстемеақы қарастыру секілді саладағы мәселелерге тоқталды. Облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев малшылардың жайы, техника мәселелері жөнінде ұсынысын жеткізді. Облыс әкімі Нұржан Нұржігітіов кеңес отырысын қорытындылай келе, бүгінгі таңда орманшаруашылығы мекемесінде мыңға жуық адам қызмет етіп жатқанын, соңғы бес жылда жергілікті бюджеттен қомақты қаржы бөлініп, техникалық-материалдық база 78 пайызға жаңартылғанын, 1 шілдеден бастап сала қызметкерлерінің айлығы 2 есеге өсетінін тілге тиек етті. Сонымен бірге аудан әкімдеріне ерікті жасақтарға тиісті жағдайды жасауды тапсырды.

Айжан ӨЗБЕКОВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар