Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жуалыда жаңа жобалар жетерлік

Жуалыда жаңа жобалар жетерлік
ашық дереккөз
Жуалыда жаңа жобалар жетерлік
Кеше өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен кезекті брифингте Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртаза ауданда атқарылып жатқан жұмыстар жайын баяндады. Осы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша, аудан экономикасының барлық салаларында оң динамика қалыптасқан. Нақтырақ айтқанда, өткен жылы қаржысы 427,7 миллион теңгені құрайтын Бәйтерек, Кәріқорған және Тасбастау ауылдарының ауызсу жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 1 190 миллион теңгеге барлығы 34 жоба бойынша 52,494 шақырым автомобиль жолдарын орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Ал жайылым мәселесіне тоқталсақ, аудандағы жайылым мәселесін шешу үшін бірқатар жұмыс жүргізіліпті. Биыл аудан шаруаларының жайылым жерлерін ұлғайту мақсатында ауданға тиесілі жалпы көлемі 810,6431 гектарды құрайтын 13 жер телімі мемлекеттік жер қорына қайтарылыпты. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында биыл тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 1 500 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі сомада бюджеттік несие бөлініп, 28 маманға 144 900 мың теңге, біржолғы көтерме жәрдемақы ретінде барлығы 60 маманға 20 700 мың теңге қарастырылыпты. 2019 жылы «Ауыл аманаты» жобасы аудандағы Ақтөбе ауылдық округінің 4 елді мекенінде, 2021 жылы Ақсай ауылдық округіне қарасты 2 елді мекенде іске асырылған болатын. Биыл дәл осы жоба бойынша Жетітөбе ауылдық округін қаржыландыру жұмыстары жүргізілуде. Осы жылдың соңына дейін Қызыларық және Қарасаз ауылдық округінің тұрғындары жоғарыда аталған «Ауыл аманаты» жобасына қатысуға құжаттарын рәсімдеп жатыр. Брифинг барысында тілшілермен қатар, әлеуметтік желі арқылы тұрғындар да аудан басшысына сұрақ қойып, нақты жауапқа қанықты.

Э.ТІЛЕУБЕРДІҚЫЗЫ

 
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар