
Барлық мәселе назарға алынады
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.
Қабылдауға жазылғандар түрлі мәселелер көтерді. Олардың қатарында тұрғын үй, жер, абаттандыруға қатысты мәселелер болды. Сондай-ақ қабылдауда ауқымды мәдени шаралар өткізу, Тараз қаласында драма театрдың жаңа ғимаратын салу, Қазақстанның Мемлекеттік Туының авторы Шәкен Ниязбековтің есімін мектепке беру секілді ұсыныстар да айтылды.
Тұрғындарды мұқият тыңдаған облыс әкімі барлық мәселелер назарға алынып, заң аясында реттеліп, қарастырылатынын жеткізді. Бірқатар өтініштер бойынша жан-жақты зерделеу жұмыстарын жүргізу үшін Тараз қаласы, Жамбыл ауданы және тиісті басқарма басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Келесі мақала
МЕКТЕП – БІЛІМ ТІРЕГІ, ҰСТАЗ – ОНЫҢ ЖҮРЕГІ
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтары
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды
- авторAR-AY
- 28 мамыр, 2025
Жамбыл жаңалықтары
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды
- авторAR-AY
- 28 мамыр, 2025