Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЕРІКТІЛЕР ЕШҚАШАН ЕРІНБЕЙДІ

ЕРІКТІЛЕР ЕШҚАШАН ЕРІНБЕЙДІ
ашық дереккөз
ЕРІКТІЛЕР ЕШҚАШАН ЕРІНБЕЙДІ
Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының ғимаратында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыс бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органының бірінші жұмыс отырысы өтті. Мемлекеттік қызметшілер арасында еріктілер қозғалысын құрып, осындай қоғамға пайдалы іс-әрекеттермен айналысу өте құптарлық жағдай. Олар көшелерді көгалдандыруға, табиғат орындарын тазартуға, қан донорлығына және басқа да іс-шараларға белсенді қатысу арқылы еріктілер қатарын көбейтуді көздеп отыр. Жиында аталған агенттіктің аумақтық бөлімшелері жанындағы «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органдары мемлекеттік қызметшілер арасында еріктілер қозғалысын үйлестіру жайында баяндама оқыды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің ерікті бастамаларын және осы саладағы заңнама талаптарының үйлесімділігін қамтамасыз ету жайында сөз етті. Жалпы осы консультативтік-кеңесші орган мемлекеттік қызметшілер арасында еріктілер қозғалысын үйлестіріп, мемлекеттік қызметшілердің ерікті бастамаларын және осы саладағы заңнама талаптарының үйлесімдігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды атқармақ. Бұдан бөлек азаматтардың, әсіресе жастардың, студенттер мен оқушылардың ерікті қызметке қатысуын, оларға белсенді өмірлік ұстаным дағдыларын қалыптастыруды меңгертеді. Кеңес отырысы тоқсанына бір рет өткізіледі деп жоспарлануда. Алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілерден еріктілер қозғалысы құрылып, тиісті жұмыс жоспары бекітілетін болады. Аталған жұмыс жоспарына сәйкес кеңес отырысы ұйымдастырылып, жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органының ақпараттарына сүйенсек, бүгінгі күні облыста 327 мыңнан астам жас бар (327 271). Өңір өрендерінің саны жалпы халықтың 26,8 пайызын құрайды. Олардың 137 390-ы қалада, 189 881-і ауылдық елді мекенде тұрады. Одан бөлек осы жылдың тамыз айында облыстық прокуратурамен бірлесе «2022-2025 жылдарға арналған жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге, құқықтық мәдениетін көтеруге, рухани-ізгілік және патриоттық құндылықтарға баулуға бағытталған бірлескен кешенді жоспар бекітілген болады. Ол жоспарда жұмыссыздықты жою, құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселесі де қамтылған. Сондай-ақ Волонтер жылы аясында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен 7,3 миллион теңгеге 21 волонтер жасқа 300 мың теңгеден гранттар бөлініпті. Осы жылы жалпы саны 1 361 шара өткізіліп, оған 17 542 адам тартылған. Волонтерлік жұмысты жандандыру мақсатында облыс бойынша 11 бағытты қамтыған 638 іс-шара өткізіліп, оған 9 883 жас қатысқан.

Әнел ДОСЖАНОВА, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 3-курс студенті

 
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар